Барлық жаңалықтар
"Джалоловтың ізбасары" Польшадағы әлем кубогында қарсыласын тас-талқан етті
Польша астанасы Варшавада "Феликс Штамм" халықаралық турнирі басталды. Бұл дода – биыл тұсауы кесілген World Boxing жобасы аясындағы әлем кубогының екінші кезеңі. Бұған дейінгі бірінші кезең сәуір айында Бразилияда өткен.
Адамес салмақ ауыстырып, Жәнібектен жекпе-жектен қашып жатыр
Орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес салмақ дәрежесін ауыстыруды жоспарлап отыр. Бұл шешім қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен өтуі тиіс жекпе-жектің болашағына қауіп төндірді,
Қазақстандық теннисші Хорватиядағы турнирдің екінші айналымына шықты
Дмитрий Попко Загребте өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы жарыстың екінші айналымына өтті.
"Екі әйнегі бар". Алматыда терезесі күңгірттелген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
Алматыда патрульдік полиция күңгірт әйнек орнатылған көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды.
Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында екінші "алтын" жеңіп алды
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медальға ие болды.
Әлиев ҚПЛ клубын жаттықтырады
Астананың "Жеңіс" футбол клубында жаңа тағайындау. Қазақстандық маман Пиралы Әлиев уақытша бас бапкер қызметіне кірісті.
Анчелотти бес дүркін әлем чемпиондарын баптайды
Бразилия футбол конфедерациясы ресми түрде итальян маман Карло Анчелоттидің ұлттық құраманы жаттықтыратынын мәлімдеді.
Неліктен Қазақстан боксшылары World Boxing турниріне қатыспады?
Қазақстан құрамасы Польшада өткен беделді "Феликс Штамм" халықаралық турниріне неге қатыспағаны белгілі болды. Бұл шешімнің себебін бас бапкер Қайрат Сәтжанов түсіндіріп берді.
"Ақтөбе" чемпиондар лигасындағы алғашқы матчында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Волейболдан "Ақтөбе" ерлер командасы Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынында жеңіске жетті. Турнир Жапонияның Осака қаласында өтуде. Ақтөбеліктер Австралия чемпионы – "Куинслэнд Пайрэтс" командасымен жолықты.
Шавкат Рахмоновтың октагонға оралатын уақыты белгілі болды
Қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралатын мерзімі белгілі болды. Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базров "Спорт Шредингерге" берген сұхбатында мәлімдеді.
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан күтпеген жеңіліске ұшырады
Коломбо қаласында (Шри-Ланка) жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Турнир алғашқы күнінен бастап сенсацияға толы болды.
Допингтен кейінгі камбэк: Қазақстандық атлет Ташкенттегі турнирге қатысады
Бұл жарысқа Қазақстаннан тағы 19 спортшы қатысады — құрамда ел чемпиондары мен жас таланттар да бар.
Футбол тарихындағы ең мықты қорғаушы кім? Дэвид Бекхэм жауап берді
Бекхэм өзінің футбол көзқарасын өзгерткен аңыз ойыншыны Миланда кездестіргенін айтты. Ол – бір ғана клубқа адал болып, 25 жыл бойы биіктен түспеген.
Дін және футбол! Жаңадан сайланған Рим папасы қай клубқа жанкүйер?
Жаңа понтифик бала кезден А Сериясындағы клубтың фанаты болып шықты.
Елена Рыбакинаның жеңілісі интернет-мемге айналды
Бьянка Андреескуден жеңілген соң, әлеуметтік желіде оның 2022 жылғы Уимблдондағы жеңісі еске алынып жатыр.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы өзбекстандықты жеңіп, Гран-при жүлдегері атанды
Руслан Курбанов шпагамен семсерлесуде Колумбия астанасы Боготадағы Гран-при турнирінде ел қоржынына медаль салды.
Семей Еуропа чемпионатын қабылдайды
Семейде футбол инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.
Абат Айымбетов түрік алаңында төбелескер мінез көрсетті (ФОТО)
Қазақстан ұлттық құрамасының және Түркияның "Адана Демирспор" клубының шабуылшысы Абат Айымбетов "Бешікташқа" қарсы матчта тек футболмен емес, төбелескер мінезімен де көзге түсті.
UFC чемпионы Джек Делла Маддалена Шавкат Рахмоновты жанама түрде мазақ етті ме?
Австралиялық файтер Ислам Махачевпен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Рахмоновтың есімін елемей өтті.
Самат Смақовтың тағдыры қыл үстінде
"Жетісу" биылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында (ҚПЛ) бірде-бір жеңіске жете алмады.