«Әлем чемпионатына 12 күн қалғанда мені пышақтап кетті» – Ердос Жаңабергенов
Танымал боксшы Ердос Жаңабергенов жаттығу жиыны кезінде белгісіз адамның шабуылына ұшырап, ауыр жарақат алғанын мәлімдеді. Бірақ спортшы бұл соққыға қарамастан, чемпионатқа қатысып, жеңіс жолын жалғастыра білді.
Баходир Джалоловқа жеңіліп көрмеген қарсылас табылды. Оның рекорды – 20:0
Boxingnews24.com басылымының журналисі Дэниэл Макглинчи жеңілмеген британиялық суперауыр салмақ өкілі Мозес Итауманың (20-0, 10 KO) болашағы жайында ой қозғап, оған лайық қарсыластар тізімін ұсынды.
Қазақстандық қос боксшы жаттығуға қайта кірісті. Алда не күтіп тұр? (ВИДЕО)
Таиландтағы күтпеген нәтижемен аяқталған титулды жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшылар Елшат Нығметолла мен Армат Арманұлы алдағы жоспарларын нақтылай бастады.
Қытайлық екі автокөлік бренді Қазақстаннан кетті: Нарықта жеңілдікпен сатылым басталды
Қытай автонарығында өзгеріс: екі бренд Қазақстаннан кетіп жатыр.
Жекпе-жек ақыры өтетін болды! Балауса Мұздыман 6 маусымда рингке шығады! (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы қыз Балауса Мұздыман 6 маусым күні шаршы алаңға қайта оралады. Бұған дейін жекпе-жек белгісіз себептермен тоқтатылған еді.
Қазақстан құрамасы Минскіге жол тартты (ВИДЕО)
Қазақстан ұлттық футбол құрамасы Минскіде өтетін жолдастық матчқа байланысты сапарға шықты. Бұл туралы құраманың баспасөз қызметі Instagram парақшасында бейнематериал жариялады.
Қазақстан волейболшылары CAVA Ұлттар лигасында жүлдесіз қалды
CAVA Ұлттар лигасында ерлер арасындағы волейбол турнирінің қола жүлдесі үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Пәкістанға жол беріп, төртінші орынды қанағат тұтты.
"Реалдың" арманы болған қақпашы "Барсаны" таңдады
Клуб «Эспаньолдың» 24 жастағы қақпашысы Хоан Гарсиямен келісімшартқа отырды.
Жалғас Жұмағұлов UFC чемпионымен спарринг өткізді (ВИДЕО)
Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов 28 маусымда Oktagon еуропалық лигасының чемпиондық белдігі үшін октагонға шығуға дайындалып жатыр. Бұл шешуші кездесуге дейін ол UFC чемпионымен бір рингте бес раундтық спарринг өткізді.
Қазақстан құрамасының қақпашысы АҚШ-та ойнайды
Ұлттық құраманың қақпашысы Максим Павленко Америка хоккей лигасына (АХЛ) ауысып, соңғы 15 жылда осы лигаға өткен алғашқы қазақстандық атанды.
Дастан Сәтпаевтың клубы жазда 14 футболшымен қош айтыспақ
"Челси" 14 футболшысын сатуға дайын. Клуб басшылығы құрамды түбегейлі жаңартуды көздеп отыр.
Денис Евсеев Германиядағы беделді турнирде үлкен сенсация жасады
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан Challenger турнирінде сенсациялық жеңістің авторы атанды.
УЕФА суперкубогының иегері "Жеңіс" клубының тізгінін ұстады
Ұжым тізгінін 48 жастағы еуропалық маман ұстады.
ҚФФ клуб басшыларын жиынға шақырды
Қазақстан футболының тағдырын шешетін басқосу 9 маусымда өтеді.
“Адам сенгісіз!” — Александр Бублик Синнердің деңгейі жайлы
2025 жылғы Ролан Гаррос турнирінің ширек финалы алдында қазақстандық теннисші Александр Бублик италиялық Янник Синнер туралы пікір білдірді.
Бундеслиганың үздік ойыншысы анықталды
Германия чемпионатының 2024/25 маусымындағы ең үздік ойыншы атағы "Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирцке бұйырды.
Астанада қай көшелер толық жабылды
Астанадағы жол жөндеу жұмыстарының белсенді кезеңі жүріп жатыр. Қала әкімдігі қай көшелердің уақытша жабылғаны туралы ресми ақпарат таратты. Бұл жаңалық көлік жүргізушілер мен қала тұрғындары үшін аса маңызды. Назарларыңызға толық жабылған және ішінара шектелген көшелер тізімін ұсынамыз.
Қазақ вундеркинді Ресейде үздік ойыншы атанды
Дәулет Орынбасар Санкт-Петербургтегі халықаралық турнирде ерекше көзге түсті. "Қайрат" ФК 16 жастағы ойыншысы үздік сұрмерген және турнирдің ең үздік ойыншысы атағын иеленді.
Канелоның қарсыласы жекпе-жектен қанша алатынын ашық айтты
Америкалық жұлдыз Теренс Кроуфорд пен мексикалық аңыз Сауль «Канело» Альварес арасындағы тарихи жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
Елде көкпар мен асық ату трендке айналды!
2024 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 660 мыңнан астам адам қазақша күрес, көкпар, тоғызқұмалақ және басқа да дәстүрлі спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысады.