Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Сұлтан Данияр

Сұлтан Данияр

Шолушы
Данияр Сұлтан — penalty.kz сайтының жекпе-жек шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазып келеді. Оның негізгі тақырыбы — бокс пен аралас жекпе-жек: Жәнібек Әлімханұлының белбеу үшін айқастары, Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралуы, Данияр Елеусіновтің дайындығы, Никита Цзюдің кештері және әлем чемпионаттарындағы қазақ балуандарының жеңістері. Сонымен қатар футбол рубрикасында "Қайрат", "Ордабасы" мен ҚПЛ клубтарының, ұлттық құраманың және Дастан Сәтпаев секілді Еуропадағы қазақстандықтардың жаңалықтарын, хоккей мен теннис оқиғаларын қадағалайды. Жалпы саны үш мыңнан астам материал жариялаған.
Футбол

Ұшақ, қонақүй, логистика — бәрі күйреді ме? ҚПЛ-да дау күшейді

Қазақстан Премьер-Лигасының бірқатар клуб басшылары 2026 жылғы маусым басталар тұста толыққанды күнтізбенің жарияланбауына байланысты наразылық білдірді.

Жекпе-жек

Парижде Нұрбек Оралбайды тоқтатқан боксшы Усиктің промоушенінде дебют жасайды

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы Александр Хижняк кәсіпқой боксқа ауысуға жақын.

Хоккей

Хоккейден Олимпиада "алтынының" тағдыры овертаймда шешілді

Қысқы Олимпиада ойындары-2026 аясында ерлер арасындағы хоккей турнирінің финалында Канада мен АҚШ құрамалары кездесті.

Жекпе-жек

Қазақстан бокстан Еуропадағы халықаралық турнирде топ жарды

Румынияда жасөспірімдер арасында Dracula Open халықаралық турнир аяқталды. Ұлттық құрама боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орын иемденді. 

Жекпе-жек

UFC Fight Night 267: басты жекпе-жек сенсациялық нокаутпен аяқталды

Хьюстонда өткен UFC Fight Night 267 турнирінің басты оқиғасында орта салмақтағы америкалық файтерлер Шон Стрикленд (29-7) пен Энтони Эрнандес (15-2) октагонға шықты. 

Футбол

Ислам Чесноков Шотландияда алғашқы голын соқты (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Жекпе-жек

WBO сенді, енді IBF не дейді? Жәнібек Әлімханұлының тағдыры шешілетін сәт жақындап қалды

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) президенті Рақымжан Ерденбеков WBO және IBF тұжырымдамалары аясында чемпион атанып жүрген Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі бойынша тексерістің ресми нәтижесін жариялады. 

Футбол

Түркияда 32 футбол клубының басшысы ұсталды

Түркия футболындағы заңсыз ставкалар мен келісілген матчтар төңірегіндегі дау жаңа кезеңге өтті.

Футбол

"Қайрат" жанкүйерлер үшін ашық жаттығу өткізеді

Алматылықтар жаңа маусым алдындағы соңғы дайындықтарын өз алаңында көрсетпек.

Хоккей

"Барыс" пен қытайлық клуб арасындағы матчта камбэк тіркелді

"Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында Қытайдың "Шанхай Дрэгонс" командасын қабылдады. 

Жекпе-жек

Қазақстан құрамасы Геннадий Головкиннің экс-жаттықтырушысымен жұмысты бастады (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттық құраманың жаттығу барысынан видео жариялады. Жазбада Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынындағы дайындық процесі көрсетілген.

Ойыннан тыс

"Батырымыз мәңгі жүрегімізде": Қайрат Нұртас Денис Теннің анасымен жолықты (ВИДЕО)

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Олимпиада жүлдегері, марқұм Денис Теннің анасы Оксана Тенге арнайы барып, құрмет көрсетті.

Жекпе-жек

Өзбекстан Қазақстан қатысатын "шағын әлем чемпионатына" ең мықты боксшыларын жібереді

Өзбекстанның ерлер және әйелдер құрамасы Софияда өтетін беделді халықаралық "Странджа кубогы" турниріне қатысатын боксшылар тізімін бекітті. Команда сапында әлем және Азия чемпиондары, ірі жарыстардың жүлдегерлері бар.

Жекпе-жек

Ағайынды Сабырхандар Головкиннің экс-жаттықтырушысымен дайындыққа кірісті

Қазақстан құрамасының көшбасшылары Махмұд пен Төрехан Сабырхан алдағы жарыстарға дайындығын жалғастырып жатыр. 

Футбол

"Қайрат" РПЛ клубынан қарымта қайтарды

Алматылық "Қайрат" Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынындағы соңғы бақылау матчын өткізді.

Футбол

Сәтпаевтың жағдайы ушығып кетті ме? "Челси" мамандары оңалтуды өз қолына алды

“Челси” мамандары “Қайраттың” базасына келді.

Жекпе-жек

Дисквалификациядан кейінгі “камбэк”: Дулат Бекбауов Таразда жұдырықтасады

Кәсіпқой боксшы Дулат Бекбауов (2-0, 2 KO) ұзақ үзілістен кейінгі келесі жекпе-жегінің күнін нақтылады.

Жекпе-жек

Қазақстандық спортшы допинг дауынан кейін үш жылға шеттетілді

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) Халықаралық джиу-джитсу федерациясы (JJIF) атынан әрекет ете отырып, қазақстандық спортшы Ибрагим Манарбекке қатысты антидопинг ісінің аяқталғанын мәлімдеді.

Жаңалықтар

10 алтын! Қысқы Олимпиадада жаңа “патша” пайда болды

Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Клебо Олимпиада-2026 ойындарында тағы да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл жол командалық спринтте алтын медаль алып, қысқы Олимпиадалар тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткішті бағындырды. 

Теннис

Қазақстанның үздік теннисшісі Дубайдағы турнирді аяқтай алмады

Елена Рыбакина (WTA рейтингісінде 3-орын) Дубайда WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымында өнер көрсетті.