Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Құмар ойынға тәуелдісің бе? Жаңа жүйе бәрін өзгертеді

Сарапшы, спорт журналисі
21.07.2025, 11:28

Қазақстанда бәс тігуді тіркеудің бірыңғай жүйесі іске қосылуға жақын. Бұл жүйе құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған.

vprognoze.kz
vprognoze.kz

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Алгоритмдері бәс тігушілердің әрекетін, яғни ставкалардың жиілігін және сипатын талдайды. Егер ойыншы бірнеше мәрте қатарынан ұтылып, үзіліссіз қайтадан бәс тіге беретін болса, жүйе оны “суыту кезеңіне” жібереді. Нақты айтсақ, уақытша бәс тігу мүмкіндігін шектейді.

“Адам ставка жасап ұтылып, қайтадан ставка қойып тағы да ұтылса және бұл үнемі қайталанса, жүйе оның бәс тігуді жалғастыруына уақытша тыйым салады. Бірақ егер ойыншы ұтып жатса, оның әрекетіне шектеу қойылмайды. Алгоритмдер ставканың жиілігі мен сипатына қарай жұмыс істейді”, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің алдын алу басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Муликов.

Психологиялық көмек ұсынылады

Жүйе тек шектеу енгізумен шектелмейді. Ол арқылы құмар ойынға тәуелділік белгілері анықталған жағдайда ойыншыға арнайы ескерту хабарламасы жіберіледі.

“Жүйе адамға: “Сізде мәселе бар, психологиялық көмек қажет” деген хабарлама жібереді. Біз оған мемлекеттік және жеке психологиялық орталықтардың байланыс нөмірлерін ұсынамыз. Бұл — төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактика», – деп мәлімдеді ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір