Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Айбек Оралбай

Aibek Oralbay латынша

Айбек Оралбай — қазақстандық әуесқой боксшы, 2025 жылғы әлем чемпионы. Ливерпульдегі әлем чемпионатында ең ауыр салмақта чемпион атанған тұңғыш қазақстандық боксшы. Азия чемпионы (2022, 2024), 2018 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, 2024 жылғы Олимпиадада ширек финалға дейін жетті.

Спорт түрі
Әуесқой бокс
Туған күні
11.06.2000
Әлем чемпионаты
Чемпион, 2025 (Ливерпуль)
Азия чемпионаты
Чемпион, 2022 (Амман), 2024
Олимпиада
Ширек финал, 2024 (Париж)
Жасөспірімдер Олимпиадасы
Алтын медаль, 2018 (Буэнос-Айрес)

Анықтама Уикипедия бойынша: Aibek Oralbay, Айбек Рахатұлы Оралбай, Оралбай, Айбек Рахатулы

Жекпе-жек

Айбек Оралбайдың басты қарсыласы Дана Уайттың қарамағына өтті

UFC ұйымының президенті Дана Уайт жетекшілік ететін Zuffa Boxing промоушені өз қатарына Өзбекстанның үш боксшысын қосты.

Жекпе-жек

Айбек Оралбай Қазақстан қоржынына медаль салды

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ел қоржынына мерзімінен бұрын медаль салды.

Жекпе-жек

Сабырхан мен Оралбай. Бүгін тағы кімдер рингке шығады?

Халықаралық турнир аясындағы айқастар Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Жекпе-жектер екі рингте қатар өтеді.

Жекпе-жек

Қазақстандық ағайынды боксшылар әлемдік деңгейде мойындалды

Қазақстандық боксшылар Махмұд пен Төрехан Сабырхан, сондай-ақ Айбек пен Нұрбек Оралбай World Boxing назарын аударды.

Ойыннан тыс

Қазақ боксшылары Баходир Джалоловтың анасына құрмет көрсетті

Айбек пен Нұрбек Оралбай Ташкенттегі оқу-жаттығу жиыны кезінде әйгілі өзбек алып боксшы Баходир Джалоловтың үйіне арнайы барып, анасымен кездесіп қайтты.

Ойыннан тыс

Әлем чемпионы Айбек Оралбай Баходир Джалоловпен футбол ойнады (ВИДЕО)

Казақстандық белгілі боксшы Айбек Оралбай өз жанкүйерлерін күтпеген жерде қуантты. Ол Өзбекстанның атақты суперауыр салмақ жұлдызы Баходир Джалоловпен бірге бокс залында емес, футбол алаңында көзге түсті.

Хоккей

Айбек пен Нұрбек Оралбай әлем чемпионатына қатысатын болды

Дубайда өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан, Куба, Өзбекстан және Әзербайжан бақ сынайды.  

Жекпе-жек

«Тарихи кездесу»: Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокиров Үндістанда қайта күш сынасады

Айбек Оралбай мен Жахонгир Зокировтың шешуші айқасы Индия елінде өтетін болды.

Жекпе-жек

Астана әкімдігі Айбек пен Санжарға 30 млн теңге табыстады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Ливерпульде өткен әлем біріншілігінде топ жарған боксшыларды қабылдады. 

Жекпе-жек

Әлем чемпиондары Руслан Берденовке алғыс білдірді

Ливерпульдегі әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген қазақстандық боксшылар Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке алғыс айтты.

Жекпе-жек

Айбек Оралбай – Қазақстан тарихындағы алғашқы суперауыр салмақтағы әлем чемпионы

Ливерпульде World Boxing ұйымының тұңғыш әлем чемпионаты мәреге жетті. 

Жекпе-жек

Қазақ батыры кубалық аңызды құлатты

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ливерпульдегі әлем чемпионатында атақты қарсыласын жеңіп, финалға шықты.

Жекпе-жек

Қазақ алыбы қарсыласын ойсырата жеңіп, медаль еншіледі

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Айбек Оралбай әлем чемпионатының (World Boxing) ширек финалында айқын жеңіске жетті.

Жекпе-жек

Қазақстан құрамасының капитаны түрік қарсыласын есеңгіретті (ВИДЕО)

Бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны, екі дүркін Азия чемпионы Айбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын ойсырата жеңді. 

Жекпе-жек

Айбек Оралбай: «100% дайын емеспіз!»

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, суперауыр салмақта (90 келіден жоғары) өнер көрсететін Айбек Оралбай командасының дайындық барысы туралы пікір білдірді. Ол бұл жолғы дода – ересектер арасындағы World Boxing ұйымы өткізетін алғашқы әлем чемпионаты екенін атап өтті.

Жекпе-жек

Нұрбек Оралбай француздан неге жеңілді? — Буданбеков жауап берді

Астанадағы бокстан әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының өнері көпшіліктің назарында болды. Осы орайда ел құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков жарыс нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, Оралбай бауырлардың көрсеткен деңгейін саралады.

Жекпе-жек

Айбек Оралбай әлем кубогының иегері атанды (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай World Boxing кубогының финалында германиялық қарсыласын тас-талқан етіп, алтын медаль жеңіп алды.

Жекпе-жек

Ұлттық құрама капитаны нокдаун арқылы финалға шықты (ВИДЕО)

Астанадағы World Boxing кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай жартылай финалдық кездесуін сәтті өткізді. 90 келіден жоғары салмақта әзербайжандық Махаммад Абдуллаевке қарсы мықтылығын дәлелдеді.

Жекпе-жек

Айбек Оралбайдың жекпе-жегі жанжалға ұласты — италиялық қарсылас төрешіге наразылық білдірді (ВИДЕО)

Ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Кубогының жартылай финалына шықты. Алайда ширек финалдағы жекпе-жек тек спорттық емес, эмоциялық шиеленіске де толы болды.

Жекпе-жек

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)

Бокстан әлем кубогының 1/8 финалында шаршы алаңға көтерілген Айбек Оралбай айқын басымдықпен жеңіске жетті.