кәсіпқой бокс
Усик пен Дюбуа қайта жекпе-жек өткізеді: "шапқа тиген соққының" жалғасы бола ма?
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Александр Усик кезекті мәрте абсолютті чемпиондық атаққа ұмтылмақ. Ол IBF тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағына ие Даниэль Дюбуаға қарсы реванштық жекпе-жекке шығады. Кездесу 19 шілде күні Лондондағы әйгілі “Уэмбли” стадионында өтеді.
Бұрымды боксшымыз кәсіпқой бокста дебют жасайды
Әлем және Азия чемпионы, қазақ боксының жарық жұлдызына айналған Элина Базарова 11 шілде күні Алматыда өтетін кәсіби бокс кешінде дебют жасайды.
"Карлос, мен сенің қорқынышты түсіңмін!" — Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын ашық айыптады
Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Доминикан Республикасынан шыққан WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеске кезекті рет үндеу жолдады. Қазақстандық мықтының айтуынша, қарсыласы жекпе-жектен қашып жүр.
Жеңілмеген украиналық боксшы америкалықты аяусыз нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген украиналық Тарас Шелестюк (20–0–1, 12 KO) ұзақ үзілістен кейін рингке оралып, жарқын жеңіске жетті.
"Анашым, қарашы — мен ұша аламын": Александр Усик супер жекпе-жек қарсаңында анасын тебірентті
Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, жеңіліссіз украиналық боксшы Александр Усик алдағы Даниэл Дюбуаға қарсы реванш алдында ерекше жазбасымен жанкүйерлерін тәнті етті.
"Жаңа Джошуа" кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)
Англиялық суперауыр салмақтағы Лео Атанг кәсіби рингтегі алғашқы айқасын жарқын нокаутпен аяқтады. Жанкүйерлер оны бүгінде "жаңа Энтони Джошуа" деп атап жүр.
"Десантшылар – нағыз батыр!": Лукас мереке күні жауынгерлерге құрмет көрсетті (ФОТО)
2025 жылдың 5 шілдесінде Қазақстан Республикасының десантты-шабуылдаушы әскеріне (ДШӘ) 25 жыл толып отыр. Бұл айтулы мереке аясында белгілі кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас десантшыларды құттықтау мақсатында таңғы сағат 6:00-де Алматыдан Қонаев қаласына жолға шықты.
Данияр Елеусінов 19 шілдеде рингке шығады: қарсыласында 26 жеңіс бар
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ұзақ үзілістен кейін кәсіби рингке қайта оралмақ. 19 шілде күні ол АҚШ-тың Вашингтон қаласында филиппиндік қарсыласымен жұдырықтасады.
Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы кәсіпқой рингте жеңіске жетті (ВИДЕО)
Тегі қазақ, Өзбекстан құрамасының өкілі Мадияр Саидрахимов (2-0, 0 KO) кәсіби бокстағы екінші кездесуінде жеңіске жетті.
Жанкүйерлер ең сұлу боксшы атаған қазақстандық ару кәсіпқой деңгейде дебют жасады (ВИДЕО)
Сұлулығымен де, шеберлігімен де танылған Милана Сафронова кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді. Ол Ыстанбұлда өткен IBA.Pro 7 турнирінде жергілікті боксшы Гүлсүм Сейма Татармен қолғап түйістірді.
Кәсіпқой боксқа өткен отандасымыз түрік чемпионымен күш сынасады
Қазақстандық боксшы, Азия чемпионы Милана Сафронова 2 шілде күні Ыстанбұлда кәсіби рингке алғаш рет шығады. Ол бұл жекпе-жекті өзінің өміріндегі ең ірі турнир деп атап, мұндай сында туған елінде өнер көрсетуді армандайтынын айтты.
Соңғы секундтағы шок! Жеңіліп көрмеген чемпион күтпеген нокаутпен құлады (ВИДЕО)
Америкалық Авиус Гриффин (17–1, 16 КО) өз мансабындағы алғашқы жеңілісін ауыр нокаутпен қабыл алды. Бұл жекпе-жек WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпиондық белдігі үшін өткен.
"Атақ үшін емес!" Жәнібек Әлімханұлы мансабындағы мақсатын жариялады
Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста көздегенін әлеуметтік желіде жария етті.
Дулат Бекбауов WBO/IBF чемпионымен кәсіби бокста дебют жасайды
Қазақстандық боксшының алғашқы қарсыласы белгілі болды.
Төреші Деонтей Уайлдердің жекпе-жегін тоқтатуға мәжбүр болды (ВИДЕО)
АҚШ-тың Уичито қаласындағы Charles Koch Arena-да ауыр салмақтағы (90,7 кг+) бұрынғы әлем чемпионы, қатыгез нокаутшы Деонтей Уайлдер (44-4-1, 43 KO) кезекті жеңісіне жетті. Ол америкалық Тайррелл Херндонды (24-6, 15 KO) тас-талқан етті.
"Канело" Альварес чемпионға қарсы жекпе-жектен бас тартып мәлімдеме жасады
Мексикалық боксшы Бенавидеспен емес, Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізетіні туралы мәлімдеме жасады. Канело қарсыласын не үшін таңдады?
Назым Қызайбай: "Кәсіпқой боксқа өтуге дайынмын"
Әйелдер арасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай кәсіпқой боксқа өтуге дайын екенін мәлімдеді.
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанып кетті (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та өтетін кезекті жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
WBO Баходир Джалоловқа қатысты ресми шешімге келді
Суперауыр салмақта өнер көрсететін Өзбекстан боксшысы Баходир Джалолов WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) рейтингінде жоғарылады. Жаңартылған тізімде 11-орынға табан тіреді.
Дмитрий Бивол ұлын боксқа баулып жүр (ВИДЕО)
Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Бивол өзінің ұлы Миронға бокстың негіздерін үйретіп жатыр. Бұл сәт желіде таралған бейнежазбада айқын көрінеді.