Криштиану Роналду
Cristiano Ronaldo латынша
Криштиану Роналду — португалиялық футболшы, шабуылшы, Португалия құрамасымен 2016 жылғы Еуропа чемпионы. УЕФА Чемпиондар лигасын бес рет жеңген: 2008 жылы «Манчестер Юнайтедпен», 2014, 2016, 2017 және 2018 жылдары «Реал Мадридпен». «Алтын доп» иегері (2008, 2013, 2014, 2016, 2017), Португалиямен бірге УЕФА Ұлттар лигасын 2019 және 2025 жылдары жеңген.
- Спорт түрі
- Футбол
- Туған күні
- 05.02.1985
- Туған жері
- Португалия, Мадейра, Фуншал
- Еуропа чемпионаты
- Чемпион, 2016
- УЕФА Чемпиондар лигасы
- 2008, 2014, 2016, 2017, 2018
- «Алтын доп»
- 2008, 2013, 2014, 2016, 2017
- УЕФА Ұлттар лигасы
- 2019, 2025
Анықтама Уикипедия бойынша: Cristiano Ronaldo, Криштиану Роналду, Криштиану Роналду
Криштиану Роналду Диогу Жотаның қазасына байланысты көңіл айтты (ФОТО)
Футбол әлемі қара жамылып отырған шақта Криштиану Роналду да үнсіз қалмады. Ол "Ливерпульдің" шабуылшысы Диогу Жота мен "Пенафиел" ойыншысы Андре Силваның қазасына байланысты әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба қалдырды.
Сәбина Алтынбекова Криштиану Роналдуға қатысты үн қатты
Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең көп табыс табатын спортшы Криштиану Роналду жайлы пікір білдіріп, оның жетістігінің басты себебін атады.
Криштиану Роналду спорт тарихында ең тиімді келісімшартқа қол қойды
40 жастағы Криштиану Роналду "Әл-Наср" клубымен келісімшартын 2027 жылға дейін ұзартты. Оның құны — 575 миллион еуро. Бұл — әлем спорты үшін рекордтық сома.
Криштиану Роналду ресми түрде бапкерсіз қалды
Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында күтпеген өзгеріс болды. Италиялық маман Стефано Пиоли қызметінен кетіп, Криштиану Роналду жанкүйерлерге әсерлі мәлімдеме жасады.
68-ші гол! Месси тағы да Роналдуды басып озды!
«Интер Майами» сапында 61 матчта 50 голға жеткен Месси футбол әлемін тағы да таңғалдырды.
Криштиану Роналду Дональд Трампқа күтпеген сый жасады
Футбол жұлдызы Криштиану Роналду АҚШ президенті Дональд Трампқа автографы қойылған жейдесін сыйлап, бейбітшілікке үндеу жолдады.
"Жарақаты болмағанда бәрін артта қалдырар еді". Гути Месси мен Роналдудан мықты ойыншыны атады
Оның пікірінше, егер жарақаттар болмағанда, Роналдо Назарио футбол тарихындағы ең үздік ойыншы болар еді.
Роналду "Әл-Насрда" қалатынын мәлімдеді
Футбол әлемінің аңызы Криштиану Роналду өз болашағына қатысты шешімін жария етті
Роналду ислам дінін қабылдады ма? Финалдағы дұғасы елді шулатты! (ВИДЕО)
Желіде тараған видеода Роналдудың мұсылманша дұға жасап тұрғаны анық көрінеді.
Криштиану Роналду әлемдік рекордты жаңартып, Мессиден озып кетті (ВИДЕО)
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікті бағындырды. Ол ұлттық құрамалар арасындағы голдар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты.
Криштиану Роналду Португалия құрамасының жеңісіне үн қатты
Португалия жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны тас-талқан етіп жеңіп, алтыншы мәрте құрлық чемпионы атанды. Бұл жетістікке ел футболының басты жұлдызы да бейжай қарамады.
Криштиану Роналду жаңа келісімшартқа қол қойды
Аңызға айналған шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубымен жаңа келісімшарт жасасты. Бұл туралы Footmercato порталы хабарлады.
Криштиану Роналду 400 миллион еуродан бас тартты
Шабуылшы Сауд Арабиясының "Әл-Насрмен" 400 миллион еуро көлеміндегі келісімді ұзартудан ресми түрде бас тартты.
Криштиану Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысады
Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа форматтағы клубтық әлем чемпионатына қатысуға жақын.
Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кетеді. Мәлімдеме дайындалып жатыр
Бір айта кетерлігі, Сауд Арабиясына 2023 жылы келіп, 99 гол соққан шабуылшы «Әл-Насрмен» бірде-бір трофей жеңе алмады.
Лука Модрич таңдаған үздік футболшылар кім? Тізімде Месси мен Роналду жоқ
Хорват жұлдызының таңдауына көпшілік таңырқап отыр.
Криштиану Роналду жаңа әлемдік рекорд орнатты (ВИДЕО)
Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясы чемпионатының 34-турында "Әл-Фатахқа" қарсы ойында гол соғып, әлем футболында жаңа рекорд орнатты.
Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең ерекше келісімшартты қабылдауға жақын
"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду футбол тарихындағы ең қысқа әрі қомақты келісімшарттардың бірін қабылдау алдында тұр.
Криштиану Роналду қатарға оралып, "Әл-Насрдың" жеңісіне үлес қосты (ВИДЕО)
Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында соңғы минуттарда гол соғып, "Әл-Наср" командасының жеңісін нықтады. Эр-Риядтық клуб 33-турда "Әл-Халиджді" өз алаңында 2:0 есебімен жеңді.
Криштиану Роналдуға күтпеген ұсыныс түсті
Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдуға таңғаларлық ұсыныс жасалды. Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсетіп жүрген шабуылшыға Марокконың әйгілі "Видад" командасы қызығушылық танытып отыр.