Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Криштиану Роналду

Cristiano Ronaldo латынша

Криштиану Роналду — португалиялық футболшы, шабуылшы, Португалия құрамасымен 2016 жылғы Еуропа чемпионы. УЕФА Чемпиондар лигасын бес рет жеңген: 2008 жылы «Манчестер Юнайтедпен», 2014, 2016, 2017 және 2018 жылдары «Реал Мадридпен». «Алтын доп» иегері (2008, 2013, 2014, 2016, 2017), Португалиямен бірге УЕФА Ұлттар лигасын 2019 және 2025 жылдары жеңген.

Спорт түрі
Футбол
Туған күні
05.02.1985
Туған жері
Португалия, Мадейра, Фуншал
Еуропа чемпионаты
Чемпион, 2016
УЕФА Чемпиондар лигасы
2008, 2014, 2016, 2017, 2018
«Алтын доп»
2008, 2013, 2014, 2016, 2017
УЕФА Ұлттар лигасы
2019, 2025

Анықтама Уикипедия бойынша: Cristiano Ronaldo, Криштиану Роналду, Криштиану Роналду

Футбол

Криштиану Роналду кезекті голдарын соғып, жаңа рекорд орнатты

Ол әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы ең көп гол соққан футболшы атанды.

Футбол

Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты

Bloomberg Billionaires Index мәліметінше, португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың жеке байлығы 1,4 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Осылайша ол әлем тарихындағы алғашқы футболшы-миллиардер атанды.

Чемпиондар лигасы

Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты

Норвегиялық шабуылшы Эринг Холанд жаңа рекорд орнатудан қайтар емес. Толығырақ Penalty.kz редакциясының Opta арқылы жасалған материалында.

Чемпиондар лигасы

Дастан Сәтпаевтың аккаунты Криштиану мен Мессиден озып кетті

УЕФА Чемпиондар лигасының ресми Instagram-аккаунтында жарияланған «Қайрат» ФК ойыншысы Дастан Сәтпаевтың суреті қазақстандық жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында рекорд жаңартты. Бір ғана фотосурет астында отандастарымыз 23 мыңға жуық пікір қалдырды.

Бәрі-бір

Джорджина Родригес пен Роналду сәби күтіп жүр

Испаниялық БАҚ Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригестің жүкті екенін хабарлап, футбол әлемінде жаңа үлкен жаңалықтың алдында тұрғандай әсер қалдырды.

Футбол

Роналдудың дублі Португалияға Арменияны тас-талқан етуге көмектесті

Әлем чемпионаты іріктеуінің топтық кезеңінде Армения мен Португалия құрамалары кездесті. Ереванда өткен ойында қонақтар айқын басымдық танытып, 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Футбол

«Диогусыз өткен жаттығу»: Роналду қаза тапқан Жотаны еске алды (ФОТО)

Португалия құрамасы капитан Криштиану Роналду бастаған алғашқы жаттығуын Диогу Жотасыз өткізді. Бұл күн ұлттық құрама үшін ауыр сәт болды — футболшылар автокөлік апатында қаза тапқан командаласын үнсіздікпен еске алды.

Футбол

Әлемді таңғалдырған статистика: Роналду 940-шы голымен рекорд жаңартты!

Португалияның жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының жаңа маусымын голмен бастады.

Бәрі-бір

Криштиану Роналдуның шок тудырған некелік келісімі жарияланды

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес ресми түрде некелік келісімге қол қойды. 

Бәрі-бір

Футболдағы ең қымбат ұсыныс: Роналдудың 5 миллиондық махаббат символы

Португалия құрамасы мен "Әл-Наср" клубының жұлдызы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске құны 5 миллион доллар тұратын жүзік сыйлады.

Бәрі-бір

"Әрине, иә!" Роналдуды 10 жыл күткен Джорджина Родригес тұрмысқа шығатын болды

Он жылдық махаббат тарихы жаңа белеске шықты – Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасап, сақина сыйлады. 

Футбол

Криштиану Роналду мезгілсіз қайтыс болған португалиялық аңызға құрмет білдірді

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду 54 жасында өмірден озған "Порту" клубының бұрынғы капитаны Жорже Коштаның қазасына байланысты көңіл айтты.

Футбол

Роналдудың араласуымен “Әл-Наср” жаңа жұлдызға көз тікті

Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубын жаңа трансфермен күшейткісі келеді.

Футбол

Роналду да, Марадона да жоқ! Платини тарихтағы үздік 4 футболшыны атады

Футбол тарихында үш мәрте «Алтын доп» жеңіп алған француз аңызы Мишель Платини үздік футболшылар тізімін жасап, көпшілікті таңғалдырды.

Жекпе-жек

"Дағыстандық қазақ" пен футбол аңызы: Шара Буллет пен Роналдудың достығы жайлы не білеміз?

UFC жекпе-жекшісі Шара Буллет (шын есімі — Шарабутдин Магомедов) "Матч ТВ" арнасында берген сұхбатында Криштиану Роналдумен достық байланысын ашық айтып, португалиялық жұлдызды бала күнінен бері кумирі санайтынын мәлімдеді.

Бәрі-бір

"Бұл шектен шыққандық": Роналдудың жары киіміне байланысты сынға ұшырады (ФОТО)

Криштиану Роналдудың сүйіктісі, танымал модель Джорджина Родригес Фатимадағы католик шіркеуіне барған сәттегі киімі үшін әлеуметтік желі қолданушыларынан сын естіді.

Футбол

Роналдудың досы "Әл-Насрға" бас директор болып тағайындалды

Осыған байланысты португалиялық футболшы пікір білдіріп, әлеуметтік желіде жылы жазба қалдырды. Бұл — португалдық жұлдыздың клубтағы ықпалының арта түскенін білдіре ме?

Футбол

Әлем чемпионы Месси мен Роналдуды салыстырды

Анхель Ди Мария Месси мен Роналду арасындағы басты айырмашылықты ашық айтып, кімнің ерекше екенін нақты мысалдармен түсіндіріп берді. 

Футбол

Криштиану Роналду "Әл-Насрдың" жаңа бас бапкерін құттықтады

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа бас бапкер Жорже Жезуштың тағайындалуына байланысты пікір білдірді. 

Теннис

Спорт тарихында мұндай болмаған! Уимблдон Диегу Жотаға арнап дәстүрді бұзды

Әлемдегі ең дәстүрлі турнирлердің бірі саналатын Уимблдон турнирі алғаш рет "барлығы ақ түсте" деген киім кодынан ресми түрде бас тартты. Бұл шешім португалиялық футболшы Диогу Жота мен оның інісі Андре Силваның қайғылы қазасына байланысты қабылданды.