Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

отставка

Тег бойынша ҚПЛ клубтары мен ұлттық құрамадағы бапкерлік отставкалар туралы жаңалықтар топтастырылған: "Қайрат", "Тобыл", "Ақтөбе", "Қызылжар", "Ертіс", "Жетісу", "Жеңіс" командаларындағы ауысулар.
Футбол

"Ақтөбе" бас бапкерін отставкаға жіберді

"Ақтөбе" ФК ресми түрде бас бапкер Вячеслав Левчукпен келісімшартты бұзды. Бұл шешім команданың соңғы нәтижелері мен ішкі ахуалына байланысты қабылданғанын клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Футбол

Максим Самородов бас бапкерсіз қалды

Ресей Премьер-Лигасындағы Грозныйдың "Ахмат" клубы ресми түрде бас бапкер Александр Сторожукпен келісімшартты тоқтатқанын мәлімдеді.

Футбол

"Менің алты чемпиондығым бар". Қазақстандық бапкер отставка туралы талаптарға жауап берді

Футболдан Литва чемпионатының кезекті турында "Жальгирис" "Кауно Жальгиристен" 1:2 есебімен жеңіліп қалған соң, "Жальгирис" бас бапкері Владимир Чебурин жанкүйерлер тарапынан көтерілген отставка мәселесіне байланысты алғаш рет пікір білдірді.

Футбол

Фанаттар қазақстандық бапкердің отставкасын талап етті (ВИДЕО)

Литваның Жоғарғы лигасындағы кезекті турда Вильнюс қаласының "Жальгирис" клубы мен ел біріншілігінің көшбасшысы "Кауно Жальгирис" арасындағы матчта ерекше жағдай болды. Владимир Чебуриннің отставкасын талап еткен жанкүйерлер алаңға ескі чемодандар лақтырып, наразылық білдірді.

Футбол

"Ақтөбе" бас бапкерге қатысты ресми шешім шығарды

Беларусьтік бапкер Вячеслав Левчук "Ақтөбе" футбол клубында өз жұмысын жалғастырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Хоккей

"Барыс" Ғалым Мәмбетәлиевке миллиондаған өтемақы төлейді

Астаналық "Барыс" хоккей клубы бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевпен келісімшартты бұзғалы жатыр.

Футбол

Қазақстандық футбол клубы бас бапкерін жұмыстан қуды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Нұрмат Мырзабаев "Тараз" ФК бас бапкері қызметінен кетті. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі Instagram парақшасында ресми түрде жариялады.

Хоккей

Ғалым Мәмбетәлиев "Барыста" қалды

Астаналық "Барыс" клубының айналасында белгісіздік жалғасуда. Қазақстандық бапкер Ғалым Мәмбетәлиев команданың жаттықтырушылар құрамында қала бермек.

Футбол

Qazsport арнасы басшысын отставкаға жіберу талап етілуде

Қазақстанның мемлекеттік спорттық телеарнасы Qazsport УЕФА Чемпиондар лигасындағы "Қайраттың" алғашқы екі ойынын көрсету құқығына ие бола алмады.

Хоккей

"Барыс" үшін Ғалым Мәмбетәлиевтің отставкасы қымбатқа түседі

"Барыс" ХК бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевті мерзімінен бұрын қызметтен босатса, шамамен 194 миллион теңге өтемақы төлеуге мәжбүр болады.

Футбол

ҚПЛ клубы бас бапкерін жұмыстан босатты

"Ұлытау" ФК бас бапкер Иван Азовскиймен қоштасты. Жақын күндері жаңа жаттықтырушының есімі жарияланады.

Футбол

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Бельгияда ұзаққа бармады

Футболдан ұлттық құраманың экс-бапкері Бернд Шторк күтпеген жерден Бельгияның "Серкль Брюгге" клубынан жұмыстан шығарылды.

Футбол

"Атырауда" бапкерлер түгел кетті

Денис Мамонов "Атырау" клубынан ресми түрде кетті. Бапкерлік штаб толық ауысты. 

Футбол

Қазақстандық клуб футбол аңызын отставкаға жіберді

Қазақ футболының аңызы саналатын Нұркен Мазбаев "Тараздың" бас бапкері қызметінен ресми түрде босатылды. 

Футбол

"Атырау" клубының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстандық маман Қуаныш Қабдолов Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін "Атырау" ФК бас жаттықтырушысы қызметінен ресми түрде босатылды.

Футбол

Самат Смақовтың тағдыры қыл үстінде

"Жетісу" биылғы маусымда Қазақстан Премьер-Лигасында (ҚПЛ) бірде-бір жеңіске жете алмады. 

Футбол

Күн ішіндегі екінші отставка: "Атырау" бас бапкерімен қоштасты

ҚПЛ-2025 маусымында "Атырау" футбол клубын жаттықтырған Константин Горовенко қызметінен кетті. Бұл – Қазақстан премьер-лигасындағы бір күн ішінде тіркелген екінші бапкерлік отставка.

Хоккей

Қазақстан хоккейінің аңызы ҚХЛ клубынан кетеді

Евгений Корешков – Қазақстан хоккейінің тарихындағы ерекше есімдердің бірі. Белгілі маман СКА клубындағы бапкерлік қызметімен қош айтыспақ.