Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов

«Nomad» · Shavkat Rakhmonov

Қазақстан · Жартылай орта салмақ

19жеңіс
0жеңіліс
0тең

Анкета

Жасы
31
Бойы
185 см
Салмағы
77.6 кг
Қол ұзындығы
196 см
Тұрысы
Оң қолды (ортодокс)
Команда
Kill Cliff FC

UFC статистикасы

Минутына дәл соққы
3.25
Минутына қабылданған соққы
2.17
Соққы дәлдігі
60%
Соққыдан қорғаныс
51%
15 минутта тейкдаун
1.40
Тейкдаун дәлдігі
26%
Тейкдауннан қорғаныс
86%
15 минутта сабмишн әрекеті
1.20
Нокдаун (орташа)
0.20
Орташа жекпе-жек уақыты
10:44

Шавкат Рахмонов туралы

Шавкат Рахмонов — UFC-де жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, M-1 жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы. Өзбекстанда туып, 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, Қарағандыға көшкен, кәсіпқой мансабын сол жылдың қазанында бастаған. UFC-мен келісімшарт жасаған алғашқы қазақстандық жауынгер.

Анықтама Уикипедия бойынша: Шавкат Рахмонов, Рахмонов, Шавкат Бахтибаевич

Шавкат Рахмонов: жаңалықтар

Ойыннан тыс

Тоқаев Шавкат Рахмоновты «Барыс» орденімен марапаттады

Ел басшысы спорт және мәдениет саласындағы үздіктерді марапаттады.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмоновтың бапкері UFC-дегі айқасқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол маған ұнайды, спортшы ретінде ерекше сыйлаймын, деді Базров.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмоновтың ізбасары күтпеген жерден жеңілді

БАӘ астанасы Абу-Дабиде өткен UAE Warriors 64 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Расим Мирзаев (4-0) мансабында алғаш рет мерзімінен бұрын жеңіліске ұшырады. 

Жекпе-жек

АҚШ-та Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жек күні жарияланды

Келесі жекпе-жегін Шавкат 2026 жылы өткізеді.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов жайлы күтпеген мәлімет жарияланды

15 қараша күні Нью-Йоркте Джек Делла Маддалена мен Ислам Махачев жолығады. Ал осы айқастан кейін кім чемпиондық белбеуге таласады деген сұрақ ашық күйінде қалды. Сарапшылардың пікірінше, Шавкат Рахмоновтың есімі — титулға басты үміткерлер қатарында.

Жекпе-жек

UFC рейтингінде өзгеріс: Шавкат Рахмонов енді үздіктер қатарында емес

Шавкат Рахмонов UFC P4P рейтингінен шығып қалды.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов UFC-де қарсылассыз қалды

Шон Брэди жақын уақытта басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізетін болды.

Ойыннан тыс

Шавкат Рахмонов Forbes миллиардерімен жаттығу өткізді

UFC-де жеңіліс көрмеген қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов пен Forbes тізіміндегі кәсіпкер Әлидар Өтемұратовпен бірге жаттығу өткізді. 

Жекпе-жек

"UFC-ден кетуі мүмкін". Шавкат Рахмонов өз болашағы туралы ашық айтты

Әлемдік БАҚ-та тараған “Шавкат UFC-ден кетеді” деген ақпаратқа қазақстандық файтер алғаш рет жауап беріп, жанкүйерлерге айқын хабарлама жолдады.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов UFC-мен қоштасты ма? Бапкері мәлімдеме жасады

Ресейлік Telegram-арналарда қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың аралас жекпе-жектің ең мықты лигасы UFC-ден кететіні туралы ақпарат пайда болды.

Жекпе-жек

Америкалық БАҚ Шавкат Рахмоновты UFC-дің "ұмытылған жұлдызы" деп атады

Америкалық Bloodyelbow.com сайтының журналисі Харви Леонард қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың ұзақ уақыт бойы октагонға шықпай жүргеніне қатысты пікір білдірді

Жекпе-жек

Шавкат Рахмоновтың экс-қарсыласы UFC-де сенсациялық жеңіске жетті

Австралияның Перт қаласындағы RAC Arena алаңында өткен UFC Fight Night 260 турнирінің басты кардында америкалық Нил Мэгни (30-12) мен жергілікті файтер Джейк Мэттьюс (22-7) кездесіп, жанкүйерлер үшін күтпеген нәтиже тіркелді.

Бәрі-бір

Шавкат Рахмонов жұлдызды теннисшімен назарға ілікті (ФОТО)

UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов пен белгілі теннисші Зарина Диястың бірге түскен суреті жанкүйерлер назарын аударды. Әлеуметтік желіде бұл кадр бірден спорт сүйер қауым арасында талқыға түсті.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмоновтың UFC басшылығына қойған талаптары белгілі болды

Еліміздегі белгілі аралас жекпе-жек шебері Шавкат «Номад» Рахмонов алдағы жекпе-жектеріне байланысты UFC басшылығына күтпеген талап қойды.

Жекпе-жек

"Олимпиадада үміт бар". Шавкат Рахмоновтың бапкері Айдос Сұлтанғалидың жеңісі жайлы

Айдос Сұлтанғалидың тарихи жеңісінен кейін қазақстандық спортта жаңа дәуір басталуы мүмкін. 60 келі салмақтағы әлем чемпионын Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров та ерекше атап өтіп, бұл жеңістің Олимпиадада да үлкен үміт сыйлайтынын айтты.

Бәрі-бір

Қостанай жұртшылығы Шавкат Рахмоновты қалай күтіп алды (ВИДЕО)

UFC жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Қостанайға ат басын бұрды.

Жекпе-жек

"Шавкат Рахмонов – мутант": Қазақ файтері батыл пікір білдірді

Қазақстандық ММА шебері Мұратбек Қасымбай отандасы Шавкат Рахмоновтың еңбекқорлығына тәнті болып, оны “мутант” пен “роботқа” теңеді.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов UFC октагонына биыл шықпайды

Қазақстандық файтердің жекпе-жек өткізетіні туралы қауесет жуырда жоққа шығарылды. 

Жекпе-жек

Хабиб Нурмагомедов Шавкат Рахмоновқа қатысты пікір білдірді

UFC аңызы Шавкат Рахмоновты Ислам Махачевке ең қауіпті қарсылас деп атады.

Жекпе-жек

Белбеуді қайтаруға уәде берді: Леон Эдвардс UFC-ге қайта оралмақ!

UFC-дің бұрынғы жартылай орта салмақтағы чемпионы Леон Эдвардс октагонға қайта шығатынын хабарлады.