Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Теренс Кроуфорд

Terence Crawford латынша

Теренс Кроуфорд — америкалық кәсіпқой боксшы, 2008–2025 жылдары жеңіліссіз өнер көрсетіп, үш салмақ дәрежесінде абсолют әлем чемпионы атанған. Ол 2017 жылы бірінші жартылай орта салмақта, 2023 жылы жартылай орта салмақта, 2025 жылы екінші орта салмақта барлық негізгі белбеуді жинады. Алғашқы әлем чемпиондығын 2014 жылы жеңіл салмақта WBO нұсқасы бойынша жеңіп алды.

Спорт түрі
Кәсіпқой бокс
Туған күні
28.09.1987
Туған жері
АҚШ, Небраска штаты, Омаха
Абсолют әлем чемпионы
бірінші жартылай орта салмақ (2017), жартылай орта салмақ (2023), екінші орта салмақ (2025)
WBO чемпионы, жеңіл салмақ
2014–2015
Панамерика ойындары
чемпион, 2007
Кәсіпқой мансап
2008–2025

Анықтама Уикипедия бойынша: Terence Crawford, Кроуфорд, Теренс

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордпен жекпе-жек өткізе ма?

Теренс Кроуфордтың жеке бапкері мәлімдеме жасады.

Жекпе-жек

Теренс Кроуфорд мансабын аяқтай ма?

АҚШ-тың бұрынғы әлем чемпионы Роберт Гарсия отандасы Теренс Кроуфордтың болашағына қатысты батыл болжам жасады. Оның айтуынша, Кроуфорд рингтегі соңғы сөзін Сауль «Канело» Альвареспен реванштан кейін айтады.

Жекпе-жек

WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын бір саты жоғары дивизиондағы барлық негізгі белбеулерге ие америкалық Теренс Кроуфордтың ықтимал қарсыластарының қатарына қосты.

Жекпе-жек

Әлемнің жаңа үздік боксшысы анықталды

Америкалық жеңілмеген боксшы Теренс Кроуфорд салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшысы атанды.

Жекпе-жек

«Канело» – Кроуфорд жекпе-жегі сенсациямен аяқталды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Allegiant Stadium аренасында жылдың басты бокс кеші өтті. Рингке мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) шықты. Бұл кездесу суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды.

Жекпе-жек

Қазақстандық нокаутер Иван Дычко алғаш рет жеңілді

АҚШ-та өткен Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфордтың бокс кешінде қазақстандық ауыр салмақты боксшы Иван Дычко алғаш рет жеңіліс тапты. Бұған дейін ол 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен (14-і нокаутпен). 

Жекпе-жек

Бокс тарихындағы ең қымбат түн: Альварес пен Кроуфордтың табысы қандай?

13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы тарихи бокс кешінің гонорарлары белгілі болды. Мексикалық жұлдыз рекордтық 150 миллион доллар табыс тапса, америкалық қарсыласы өз мансабындағы ең ірі сыйақысын алады.

Жекпе-жек

Иван Дычко кезекті айқасы алдында мәлімдеме жасады

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз Иван Дычко 13 қыркүйекте өтетін Канело – Кроуфорд супер жекпе-жегінің андеркарды аясында америкалық Джермейн Франклинге қарсы шығады.

Жекпе-жек

Костя Цзюдің ұлының даулы болжамы: Кроуфорд жеңеді!

Әйгілі боксшы Костя Цзюдің ұлы, қазіргі кәсіпқой бокс жұлдызы Тим Цзю алдағы қыркүйектің басты спорттық оқиғаларының бірі "Канело – Кроуфорд" жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

Жекпе-жек

Теренс Кроуфордтың физикалық формасы: Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке 20 күн қалды

37 жастағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, АҚШ боксшысы Теренс Кроуфорд алдағы жекпе-жек алдында өзінің физикалық формасын көрсетті. Ол 13 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) супер орта салмақтағы (76,2 кг дейін) абсолютті чемпион, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен қолғап түйістіреді.

Жекпе-жек

UFC жұлдызының шақыруына "Канелоның" жауабы жанкүйерлерді таңқалдырды

35 жастағы мексикалық боксшы, екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес UFC-дің 70 келіге дейінгі салмақтағы қазіргі чемпионы, әзірге жеңілмеген Илия Топурияның шақыруына жауап берді.

Жекпе-жек

Джалоловты сабаған қазақстандық боксшы Альварес – Кроуфорд жекпе-жегінде рингке шығады

Олимпиаданың қос қола жүлдегері Иван Дычко кезекті жекпе-жегін өткізу мүмкіндігіне ие болды. Оның айқасы 13 қыркүйекте Сауль "Канело" Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы супержекпе-жектің андеркартына енгізілді.

Жекпе-жек

Қазақстандық гүрзі жұдырықты "Канело – Кроуфорд" жекпе-жек кешінде жұдырықтасады

Ауыр салмақтағы нокаутер, Олимпиада ойындарының жүлдегері Иван Дычко 14 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін Сауль "Канело" Альварес – Теренс Кроуфорд бокс кешінде рингке шығады. 

Жекпе-жек

"Канело" Альварес чемпионға қарсы жекпе-жектен бас тартып мәлімдеме жасады

Мексикалық боксшы Бенавидеспен емес, Теренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізетіні туралы мәлімдеме жасады. Канело қарсыласын не үшін таңдады?

Жекпе-жек

"Канело" мен Кроуфордтың көз түйістіруі төбелеске ұласты (ВИДЕО)

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Теренс Кроуфорд көз түйістіру кезінде жанжал шығарды. 

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы "Канело" — Кроуфорд кешіне қатысуға дайын екенін мәлімдеді

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) кезекті мәлімдеме жасады. Ол WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) айқасуға дайын екенін жеткізді.

Жекпе-жек

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд алғаш рет көз арбасты (ВИДЕО)

13 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жылдың басты бокс кеші өтеді. Кештің хедлайнерлері — суперорта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (63 жеңіс, 2 жеңіліс, 2 тең ойын, 39 нокаут) пен жеңіліп көрмеген америкалық Теренс Кроуфорд (41 жеңіс, 31 нокаут) болады.

Жекпе-жек

Канелоның қарсыласы жекпе-жектен қанша алатынын ашық айтты

Америкалық жұлдыз Теренс Кроуфорд пен мексикалық аңыз Сауль «Канело» Альварес арасындағы тарихи жекпе-жек 13 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. 

Жекпе-жек

Данияр Елеусінов Канело мен Кроуфорд айқасының андеркардында жұдырықтасады

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық TKO Boxing лигасындағы дебютін әлем назарын аударған Канело – Кроуфорд кешінде өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының менеджері Зия Алиев мәлімдеді,

Жекпе-жек

"Мен – мықтырақпын": Теренс Кроуфорд Канеломен айқас алдында батыл мәлімдеме жасады

Кәсіпқой бокстың қос алыбы Теренс Кроуфорд пен Сауль "Канело" Альварес арасындағы тарихи жекпе-жек 12 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.