Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

World Boxing

World Boxing тегінде Геннадий Головкин басқаратын ұйымның жаңалықтары, құрамға қосылған федерациялар және Әлем кубогы, Азия чемпионаты, Олимпиада лицензиясы турнирлері жинақталған.
Жекпе-жек

Сабырхан Болгария чемпионын құрдымға жіберді (ВИДЕО)

Мазмұт Сабырхан Астанадағы әлем кубогында 55 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда болгариялық Ясен Радевке еш мүмкіндік қалдырмады.

Жекпе-жек

Алуа Балқыбекова әлемдік кубоктың финалына шықты (ВИДЕО)

Астанадағы World Boxingкубогының жартылай финалында Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық Каролин Барбоса де Алмейдамен қолғап түйістіріп, қазылар алқасының бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Жекпе-жек

Нұрбек Оралбай жекпе-жексіз финалға шықты

Елордадағы World Boxing кубогында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Нокдаун, үстемдік және финал. Бекзат Нұрдәулетов Астанада қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)

World Boxing кубогында 85 келі салмақта сынға түскен әлем чемпионы Бекзаь Нұрдәулетов Түркия құрамасының мүшесі Самет Эрсоймен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек

Басқа деңгейде жұдырықтасты – Тәшкенбай Астанада нағыз шеберлік сабағын көрсетті (ВИДЕО)

Астанадағы  бокстан World Boxing кубогының жартылай финалында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай жарқырай көзге түсті. Ол әзербайжандық Субхан Мамедовты толық үстемдікпен тізе бүктірді. 

Жекпе-жек

Бесінші финал! Наталья Богданова қарсыласын толық үстемдікпен жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова нигериялық Патрисия Мбатаға еш мүмкіндік бермей, Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды.

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жақындатты – финал жолдамасы қалай келді (ВИДЕО)

Виктория Графеева Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында айқын жеңіске жетті. Ол 60 келі салмақ дәрежесіндегі бұл шайқаста үндістандық Санджу есімді қарсыласын бірауыздан басым түскен шешіммен ұтты.

Жекпе-жек

Назым Қызайбай финал жолдамасы үшін өткен шайқаста драмаға тап болды (ВИДЕО)

Қазақстандық әйгілі боксшы Назым Қызайбай Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында шектен тыс шиеленісті жекпе-жек өткізді. 48 келі салмақ дәрежесінде жапониялық Хикару Синохарамен қолғап түйістіріп, тек төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.

Жекпе-жек

Бүгін қазақстандық боксшылар финал жолдамасы үшін жұдырықтасады

Сенбі күні Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жек

Өзбекстанның ерлер құрамасы әлем кубогынан неге шет қалды? Федерация жауап берді

Федерация өкілі бұл шешімді ресми түрде түсіндіріп, басты себеп – алдағы Ливерпульдегі әлем чемпионатына дайындық екенін мәлімдеді.

Жекпе-жек

Қазақстан әлем кубогында финалсыз қалды

Ауыр салмақтағы боксшы Сагындық Тоғамбай Астанадағы World Boxing кубогы турнирін қола жүлдемен аяқтады. 

Жекпе-жек

Курьер болып жұмыс істеген қазақ боксшысы әлемдік кубокта медаль жеңіп алды (ВИДЕО)

Ертуған Зейноллинов Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогының ширек финалында жеңіске жетіп, кемі қола медаль иегері атанды. 

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын жеңді (ВИДЕО)

Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Елдана Тәліпова Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды. 

Жекпе-жек

Аида Әбікеева нокдаун арқылы жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

Қазақстандық Аида Әбікеева Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында оңтүстіккореялық қарсыласын нокдаунға жіберді. 

Жекпе-жек

Алуа Балқыбекова жапониялық боксшыны тас-талқан етті (ВИДЕО)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Алуа Балқыбекова Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында кемі қола медаль иеленді.

Жекпе-жек

Бүгін қазақстандық бес боксшы әлем кубогында рингке көтеріледі

Финал үшін басты айқаста Елдана Тәліпова өзбек боксшысымен жұдырықтасады.

Жекпе-жек

Айбек Оралбайдың жекпе-жегі жанжалға ұласты — италиялық қарсылас төрешіге наразылық білдірді (ВИДЕО)

Ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Кубогының жартылай финалына шықты. Алайда ширек финалдағы жекпе-жек тек спорттық емес, эмоциялық шиеленіске де толы болды.

Жекпе-жек

Сабыржан Ақхалықов әлем кубогында жарқын камбэк жасады (ВИДЕО)

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Ақхалықов Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының ширек финалында жарқын жеңіске жетіп, кемінде қола жүлдеге ілікті. 

Жекпе-жек

"Қазақ Ломаченкосы" Астанада қарсыласын екінші раундта-ақ тоқтатты (ВИДЕО)

Махмұт Сабырхан World Boxing кубогында жартылай финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Нұрбек Оралбай бүгін шаршы алаңға шықпайды

Үндістандық қарсыласы бас тартқандықтан қазақстандық боксшы жартылай финалға автоматты түрде өтті.