Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жәнібек Әлімханұлы

Жанибек Алимханулы орысшаJanibek Alimkhanuly латынша

Жәнібек Әлімханұлы — орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2022–2026 жылдары WBO, 2023–2026 жылдары IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы және Азия чемпионы, 2014 жылы Азия ойындарының чемпионы атанған, 2016 жылғы Олимпиадаға қатысқан. Кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жегін 2016 жылы өткізген.

Спорт түрі
Кәсіпқой бокс
Туған күні
01.04.1993
Туған жері
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылы
WBO әлем чемпионы
Орта салмақ, 2022–2026
IBF әлем чемпионы
Орта салмақ, 2023–2026
Әлем чемпионаты
Чемпион, 2013 (әуесқой)
Азия ойындары
Чемпион, 2014

Анықтама Уикипедия бойынша: Janibek Alimkhanuly, Жәнібек Әлімханұлы, Алимханулы, Жанибек

Жекпе-жек

Кубалық чемпион Жәнібек Әлімханұлын жерден алып, жерге салды

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек желтоқсанның 7-сі күні өтуі тиіс болған. 

Жекпе-жек

Үш нокдаунға созылған нокаут: Әлімханұлының салмағында WBA белбеуі сарапқа салынды

Орта салмақта (middleweight) Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасатын салмақта өткен титулды жекпе-жекте польшалық боксшы Кароль Вельтер (20–1, 8 КО) неміс Мисто Абдулаевты (11–2, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Baltic чемпиондық белбеуін иеленді.

Жекпе-жек

«Жауабынан гөрі сұрағы көп»: Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы туралы не белгілі?

Кеше қазақстандық жанкүйерлер күтпеген жаңалық естіді. Жәнібек Әлімханұлы Сан-Антониода Эрисланди Ларамен жекпе-жекке төрт-ақ күн қалғанда тапсырған допинг-тестінен оң нәтиже көрсеткені белгілі болды. Соның салдарынан көптен күткен жекпе-жек ресми түрде тоқтатылды.

Жекпе-жек

Спорт министрлігі Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі оның допинг-сынамасындағы оң нәтижеге байланысты тоқтатылғанын растады.

Жекпе-жек

Ермахан Ыбырайымов Жәнібек Әлімханұлына қолдау білдірді

Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді.

Жекпе-жек

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының промоутері мәлімдеме жасады

Оқиғаның мән-жайын VADA ұйымының тексерісі анықтамақ. 

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті ме? Ларамен жекпе-жекке қауіп төнді деген ақпарат тарады

Қазақстандық орта салмақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тест төңірегінде күмәнді ақпарат пайда болды. Кей деректерге сенсек, кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жекке дейін тапсырған сынамадан тыйым салынған зат анықталды деген инсайд тараған.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы тарихи үш белбеу айқасынан кейінгі жоспарын айтты (ВИДЕО)

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы үш белбеу үшін тарихи жекпе-жек қарсаңындағы дайындық жайын және жоспарларын бөлісті.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлының үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жегі қашан өтеді

Алдағы айқаста Жәнібек Әлімханұлы айқын фаворит саналады.

Жекпе-жек

«Көк туды алып келіңдер!» Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы қазақтарға үндеу жасады

WBO және IBF тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Сан-Антониода өтетін тарихи жекпе-жек алдында АҚШ-та тұратын қазақтарға арнайы үндеу жасады. 

Жекпе-жек

Теренс Кроуфорд «Канеломен» реванштан бас тартып, назарын Жәнібекке бұрды ма?

«Bud» пен «Қазақ стилі» айқасын жақын болашақта көре аламыз ба?

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы Лараны жеңсе, кіммен жұдырықтасады?

Орта салмақтағы қазақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен өткелі жатқан біріктіруші жекпе-жекте жеңіске жетсе, «абсолют» жекпе-жегіне жол ашылмақ.

Жекпе-жек

«Qazaq style» іске қосылды: Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін айқас қарсаңында жаттығуын көрсетті

Қазақстандық орта салмақ жұлдызы Жәнібек Әлімханұлы (17–0, 12 KO) алдағы тарихи айқас алдында жанкүйерлерге өзінің жаттығу процесінен жарқын үзінді жариялады.

Жекпе-жек

WBA чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

Эрисланди Лараның айтуынша, Жәнібекті жеңген жағдайда төрт белбеу бірігу үшін айқасқа түспейді екен.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Лараны нокаутқа түсіруге уәде берді

Айта кетейік, айқас желтоқсан айының басында өтеді. 

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлының үш белбеу үшін айқасын қай арналар көрсетеді?

Қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен жекпе-жекті отандық телеарналардан тікелей эфирде тамашалай алады.

Жекпе-жек

Әлімханұлының салмағындағы чемпион нокаутпен ұтылды

АҚШ боксшысы Вито Мельницки-кіші (22-1-1, 14 KO) Эр-Риядтағы кеште орта салмақтың WBO Global вакантты белбеуін жеңіп алды. Ол осыған дейін жеңілмеген нигериялық Сэмюэл Нмомаға (21-1, 5 KO) тосқауыл қойып, техникалық нокаутпен жеңісті қоржынға салды.

Жекпе-жек

WBA чемпионы Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа жіберетінін мәлімдеді

6 желтоқсанда АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында орта салмақтағы үш чемпиондық белбеу басын біріктіретін жекпе-жек өтеді. Рингке қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (IBF + WBO / 17-0, 12 KO) мен WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) шығады.

Жекпе-жек

«Бұл бокс емес, кәдімгі шоу»: Жәнібек Әлімханұлы ерекше жекпе-жек туралы

Орта салмақта WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы соңғы күндері әлемде қызу талқыланып жатқан блогер-боксшы Джейк Пол мен суперауыр салмақтың экс-чемпионы Энтони Джошуа арасындағы кездесу туралы ойын ашық айтты.

Жекпе-жек

Орта салмақ королі: Әлімханұлы титулдық айқас алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдында дивизиондағы өзінің үстемдігін еске салды.