Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

жартылай финал

Бұл тегте қазақстандық спортшылардың жартылай финалға жолы туралы материалдар жинақталған: бокс пен күрестегі Азия және әлем чемпионаттары, Әлем кубогы, теннис турнирлері мен баскетболдан Азия чемпионаты.
Жекпе-жек

Темірлан Мұқатаев ринг қожайынын мерзімінен бұрын жеңді (ВИДЕО)

Джакартада 23 жасқа дейінгі бкосшылар арасында Азия чемпионатының финалы сарапқа салынуда. 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жергілікті боксшыны екінші раундта тоқтатты.

Жекпе-жек

Қазақстандық тағы бір боксшы финалда жұдырықтасады (ВИДЕО)

Өнер Сейілхан Азия чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында қырғызстандық қарсыласынан басым түсті.

Жекпе-жек

Аман Қонысбеков техникалық нокаутпен финалға шықты (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Джакартада жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында үндістандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жек

"Алтынға" бір қадам қалды: Нұрбек Мұрсал Джакартада жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)

Азия чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда Қатар өкілін сенімді жеңді.

Жекпе-жек

Нұрасыл Төлебек Азия чемпионатының "алтынына" таласады (ВИДЕО)

60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жас отандасымыз жартылай финалда таиландтық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.

Жекпе-жек

Қазақ боксшысы әйгілі Дусматовтың інісін құлатты (ВИДЕО)

Бексұлтан Боранбек Джакартада 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Фариозбек Дусматовтан басым түсті.

Жекпе-жек

Руслан Ахметов жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Джакартада U-19 санатындағы Азия чемпионатында жүлдегер атанды.

Теннис

Юлия Путинцева Швециядағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңді

Қазақстанның екінші ракеткасы Швецияның Бостад қаласында өтіп жатқан WTA 125 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жекпе-жек

Назым Қызайбай Әлем кубогында камбэк жасап, финалға шықты (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Гуйян қаласындағы Әлем кубогында финал жолдамасын жеңіп алды. Үш дүркін әлем чемпионы таиландтық Натичамен кездесті.

Жекпе-жек

Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда Төрехан Сабырханды жеңген боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйянь қаласындағы World Boxing Әлем кубогының финалына шығу үшін иорданиялық Зейяд Ишаишпен кездеседі.

Жекпе-жек

Қазақстанның сегіз боксшысы Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қытайдың Гуйянь қаласындағы World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасының сегіз өкілі жартылай финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Айбек Оралбай Қытайдағы Әлем кубогында медаль еншіледі (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Қытайдың Гуйян қаласындағы World Boxing әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды.

Жекпе-жек

Аида Әбікеева америкалық боксшыны жеңіп, Әлем кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

Қазақ боксшысы Қытайдың Гуйян қаласындағы Әлем кубогы кезеңінде жартылай финалға жолдама алды.

Теннис

Қазақстандық теннисші Словакиядағы турнирде финалға шықты

Александр Шевченко Братиславада ATP Challenger 100 санатындағы жарыстың жартылай финалында жеңіске жетті.

Жаңалықтар

Қазақстан шағын футболдан қазіргі чемпионды жеңіп, Еуро-2026 жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы Албания астанасы Тиранада соккадан Еуропа чемпионатында тарихи жеңіске жетті.

Теннис

Александр Бублик Женевадағы турнирде камбэк жасады

Қазақстанның үздік теннисшісі Женевадағы ATP 250 турнирінің ширек финалында Артур Риндеркнешты үш сетте жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Ризабек Айтмұқан Алматыдағы Қазақстан кубогының "алтыны" үшін күреседі (ВИДЕО)

Еркін күрес шебері Алматыдағы Қазақстан кубогында қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Демеу Жадыраев Қазақстан кубогы үшін таласады (ВИДЕО)

Грек-рим күресінің тәжірибелі өкілі Демеу Жадыраев Алматыдағы Қазақстан кубогынның финалына шықты. Бұл — оның 82 келіден 77 келіге қайта оралғаннан кейінгі алғашқы турнирі.

Жекпе-жек

Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Қазақстан кубогының финалына шықты (ВИДЕО)

Грек-рим күресінің өкілі Айдос Сұлтанғали Алматыдағы Қазақстан кубогында финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

Марат Байқамұров Астанадағы Grand Slam турнирінде "алтынға" таласады (ВИДЕО)

Астанада дзюдодан Grand Slam сериясына кіретін халықаралық турнирдің үшінші жарыс күні жалғасып жатыр. Таңғы сессиядағы белдесулер қазақстандық жанкүйерлер үшін сәтті өтті.