Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Төрехан Сабырхан Астанадағы ӘЧ алдында қарсыластарына ескерту жасады

Төрехан Сабырхан Астанада өтетін 2027 жылғы бокстан әлем чемпионатында жанкүйерлердің қолдауына сенетінін айтты.

Төрехан Сабырхан Астанадағы ӘЧ алдында қарсыластарына ескерту жасады
instagram.com/boxingkazakhstan/

"Барыс Арена" толатынына сенеді

Сабырханның айтуынша, трибунадағы қолдау оның рингте бар мүмкіндігін көрсетуіне көмектеседі.

"Қарсыластарыма жақсы дайындалуға кеңес беремін. Жанкүйер көп жиналғанда өте жақсы бокстасамын, ерекше қуанамын. Қазақ халқы боксқа қатты қызығады. Құдай қаласа, "Барыс Арена" лық толады, соған сенемін. Көрермен көп болса, тамаша жұдырықтасамын. Қарсыластарыма айтарым: жақсы дайындалыңдар", – деді Төрехан.

Астанада Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады

World Boxing аясындағы әлем чемпионаты 2027 жылғы 12–25 сәуірде Астанада өтеді. Бұл дода Олимпиада алдындағы маусымның басты жарыстарының бірі болмақ.

Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне сәйкес Қазақстан астанасында Лос-Анджелес-2028 Олимпиадасына іріктеу басталып, алғашқы тікелей жолдамалар сарапқа салынады.

Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы

Төрехан Сабырхан 2025 жылы Ливерпульде ересектер арасындағы World Boxing әлем чемпионатына алғаш рет қатысып, бірден алтын медаль иеленді. Ол финалда жапониялық Сэвон Окадзаваны жеңді.

2026 жылы қазақстандық боксшы Ұлан-Батырдағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Шешуші кездесуде иорданиялық Зеяд Ишаишқа есе жіберді.

Бірақ кейін Жапонияның Айти және Нагоя өңірлерінде өткен жазғы Азия ойындарының финалында сол қарсыласынан 5:0 есебімен қарымта қайтарды. Осы жеңістің арқасында Қазақстан ерлер боксы бойынша Азиада алтынына 12 жылдан кейін қайта қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?