Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

UFC Қазақстанға келуі мүмкін: Алматыда келіссөз өтті

Промоушеннің ресми делегациясы Алматыға келіп, елде бірқатар ірі жекпе-жек кешін ұйымдастыру мәселесі бойынша келіссөз жүргізген.

UFC Қазақстанға келуі мүмкін: Алматыда келіссөз өтті
sport.orda.kz

Қазақстанда тұңғыш рет UFC турнирі өтуі мүмкін. Тиісті келіссөздер талқылана бастады. Vesti.kz мәліметінше, америкалық промоушеннің ресми делегациясы Алматыға келіп, елде бірқатар ірі жекпе-жек кешін ұйымдастыру мәселесі бойынша келіссөз жүргізген.

Алдын ала жоспар бойынша, UFC турниріне дейін Қазақстанда Zuffa Boxing бокс кеші өтуі мүмкін.

Дереккөздің хабарлауынша, UFC өкілдері 10 қарашада Алматыға келген. Кездесулер барысында Қазақстанда алдымен Zuffa Boxing турнирін, кейін толыққанды UFC кешін өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Екі іс-шара да алдын ала 2027 жылға жоспарланып отыр. Алайда нақты күні, өтетін орны және қатысушылар құрамы әзірге жарияланған жоқ.

Алдымен Zuffa Boxing өтуі мүмкін

Zuffa Boxing жобасын UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының ойын-сауық саласындағы ықпалды тұлғаларының бірі Турки Әл аш-Шейх бірге іске қосқан.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстандағы алғашқы ірі іс-шара ретінде осы ұйымның бокс кешін өткізу қарастырылып жатыр. Одан кейін тараптар UFC турнирін ұйымдастыру мүмкіндігін талқыламақ.

Егер келісім жүзеге асса, Қазақстан әлемдегі ең ірі ММА-промоушеннің турнирін алғаш рет қабылдайды.

UFC Қазақстанға бұған дейін де келуі тиіс болған

2020 жылдың маусымында промоушен Астанада тарихи кеш өткізуді жоспарлаған. Турнир "Астана Аренада" өтуі тиіс еді.

Басты жекпе-жек ретінде Петр Ян мен Марлон Мораес арасындағы кездесу белгіленді. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты жоспар жүзеге аспай қалды. Кейін UFC турнирлерін басқа елдерге ауыстырып, бір кезеңде жарыстарды көрерменсіз өткізуге мәжбүр болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?