Қазақстандық екі балуан Таиландтағы турнирде чемпион атанды
Таиландтың Сирача қаласындағы күрес түрлерінен халықаралық жарыс әлі аяқталған жоқ.
Қазақстан құрамасы Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық турнирде екі алтын медаль иеленді.
Грек-рим күресінен өткен бәсекеде қазақстандық екі балуан өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Данияр Қанағатбек чемпион атанды
72 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Данияр Қанағатбек турнирдің алтын медалін жеңіп алды. Ол өз салмақ дәрежесіндегі бәсекені бірінші орынмен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.
Қазақстанға екінші алтын медальді 82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркебұлан Анапия әкелді.
Осылайша, грек-рим күресінен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі алтын медальға қол жеткізді.
Турнир 22 қарашаға дейін жалғасады
Таиландтың Сирача қаласындағы күрес түрлерінен халықаралық жарыс әлі аяқталған жоқ.
Бәсеке 22 қарашаға дейін жалғасады.