Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жекпе-жек

Жекпе-жек – MMA, UFC, бокс, дзюдо және күрес бойынша Қазақстан мен әлемдегі соңғы жаңалықтар. Турнирлер, чемпиондар, жекпе-жек нәтижелері мен сараптамалар біздің сайтта 
Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралмақ

Oktagon ұйымында белбеу иеленгеннен кейін Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу ниетін ашық айтты. Қазақстандық файтер ауыр жарақатына қарамастан, қарсыласын жеңіп, енді Америкада жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Жекпе-жек

Нұрбек Оралбай бүгін шаршы алаңға шықпайды

Үндістандық қарсыласы бас тартқандықтан қазақстандық боксшы жартылай финалға автоматты түрде өтті.

Жекпе-жек

Наталья Богданованың жекпе-жегінде нокдаун тіркелді (ВИДЕО)

Қазақстан құрамасының мүшесі Наталья Богданова Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында жеңіске жетті.

Жекпе-жек

Данияр Елеусінов 19 шілдеде рингке шығады: қарсыласында 26 жеңіс бар

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов ұзақ үзілістен кейін кәсіби рингке қайта оралмақ. 19 шілде күні ол АҚШ-тың Вашингтон қаласында филиппиндік қарсыласымен жұдырықтасады.

Жекпе-жек

Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы кәсіпқой рингте жеңіске жетті (ВИДЕО)

Тегі қазақ, Өзбекстан құрамасының өкілі Мадияр Саидрахимов (2-0, 0 KO) кәсіби бокстағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. 

Жекпе-жек

Бүгін Сабырхан мен Оралбай жартылай финал үшін айқасады

3 шілде күні World Boxing кубогында Қазақстан құрамасының жеті боксшысы ширек финалдық кездесуін өткізеді. 

Жекпе-жек

Әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары қанша табатыны белгілі болды

IBA президенті Умар Кремлев 2028 жылдан бастап жүлде қоры 25 миллион долларға дейін өсетінін мәлімдеді.

Жекпе-жек

Жанкүйерлер ең сұлу боксшы атаған қазақстандық ару кәсіпқой деңгейде дебют жасады (ВИДЕО)

Сұлулығымен де, шеберлігімен де танылған Милана Сафронова кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді. Ол Ыстанбұлда өткен IBA.Pro 7 турнирінде жергілікті боксшы Гүлсүм Сейма Татармен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек

Сағындық Тоғамбай АҚШ чемпионына қазақтың темір жұдырығы қандай екенін көрсетті (ВИДЕО)

Астана төріндегі World Boxing әлем кубогында Қазақстан намысын қорғау мәртебесі Сағындық Тоғамбайға бұйырды.Ол ширек финалда америкалық боксшымен қолғап түйістірді. 

Жекпе-жек

Курьерден чемпионға дейін: Ертуған Зейноллинов әлем кубогында нокдаунмен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Астанадағы World Boxing әлем кубогында қазақстандық боксшы Ертуған Зейноллинов алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын тізе бүктіріп, жарқын жеңіске жетті. 

Жекпе-жек

Аида Әбікееваның жойқын жеңісі: Қазақстан тағы жарқ етті (ВИДЕО)

Астанада өтіп жатқан World Boxing әйелдер арасындағы әлем кубогында қазақ қызы Аида Әбікеева сенімді жеңіске жетті.

Жекпе-жек

World Boxing Кубогында Қазақстан мен Түркия арасындағы жекпе-жек төрешілер шешімімен аяқталды (ВИДЕО)

World Boxing Кубогының ширек финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасының боксшысы Виктория Графеева 60 келі салмақта түркиялық Гизем Өзерге қарсы екінші жекпе-жегін өткізді.

Жекпе-жек

Қазақстандық әлем чемпионының жекпе-жегі айқын басымдықпен аяқталды (ВИДЕО)

Әлем чемпионы, Азия чемпионы, ел үміті – Бекзат Нұрдәулетов World Boxing кубогының жартылай финалына шықты.

Жекпе-жек

Санжар Тәшкенбай жойқын дебют жасап, World Boxing кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

50 кг салмақ дәрежесінің ¼ финалында Санжар Тәшкенбай жапониялық Содаи Котоны толық басымдықпен ұтты. Бес төреші де қазақстандық боксшыға 10:9 ұпайын берді — есеп 5:0.

Жекпе-жек

Бұрымды боксшымыз алғашқы жекпе-жекте қарсыласын тас-талқан етті! (ВИДЕО)

Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогын сенімді жеңіспен бастады. Ол 1/8 финалда америкалық Дженнифер Лосаноны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Жекпе-жек

"Қола" – қалтада, "алтын" – қол созым жерде! Назым Қызайбайды тоқтату мүмкін емес (ВИДЕО)

Астанадағы әлем кубогында әйелдер арасындағы 48 кг салмақ дәрежесінің ширек финалында капитан Назым Қызайбай өзбекстандық Фарзона Фозилованы толық үстемдікпен жеңді.

Жекпе-жек

Кәсіпқой боксқа өткен отандасымыз түрік чемпионымен күш сынасады

Қазақстандық боксшы, Азия чемпионы Милана Сафронова 2 шілде күні Ыстанбұлда кәсіби рингке алғаш рет шығады. Ол бұл жекпе-жекті өзінің өміріндегі ең ірі турнир деп атап, мұндай сында туған елінде өнер көрсетуді армандайтынын айтты.

Жекпе-жек

Қыздар мен жігіттер – бәрі рингте! Астанада бүгін 10 жекпе-жек өтеді

2 шілде күні Астанада бокстан әлем кубогының үшінші күні өтеді. Турнир аясында ел намысын қорғайтын бірқатар мықтылар шаршы алаңға шығады. Олардың қатарында – Назым Қызайбай, Сағындық Тоғамбай және басқалары бар.

Жекпе-жек

Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, ширек финалға жолдама алды (ВИДЕО)

Бокстан әлем кубогының 1/8 финалында шаршы алаңға көтерілген Айбек Оралбай айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Жекпе-жек

Серік Теміржанов жұлдызды қарсыласын сабады (ВИДЕО)

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал кезеңінде Серік Теміржанов Австралия үміті саналатын Джейкоб Кассармен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек соңында төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс қазақ спортшысына бұйырды.