Жекпе-жек
Бесінші финал! Наталья Богданова қарсыласын толық үстемдікпен жеңді (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова нигериялық Патрисия Мбатаға еш мүмкіндік бермей, Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды.
Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жақындатты – финал жолдамасы қалай келді (ВИДЕО)
Виктория Графеева Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында айқын жеңіске жетті. Ол 60 келі салмақ дәрежесіндегі бұл шайқаста үндістандық Санджу есімді қарсыласын бірауыздан басым түскен шешіммен ұтты.
Назым Қызайбай финал жолдамасы үшін өткен шайқаста драмаға тап болды (ВИДЕО)
Қазақстандық әйгілі боксшы Назым Қызайбай Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында шектен тыс шиеленісті жекпе-жек өткізді. 48 келі салмақ дәрежесінде жапониялық Хикару Синохарамен қолғап түйістіріп, тек төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті.
Бүгін қазақстандық боксшылар финал жолдамасы үшін жұдырықтасады
Сенбі күні Астанадағы World Boxing кубогының жартылай финалында Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығады.
Өзбекстанның ерлер құрамасы әлем кубогынан неге шет қалды? Федерация жауап берді
Федерация өкілі бұл шешімді ресми түрде түсіндіріп, басты себеп – алдағы Ливерпульдегі әлем чемпионатына дайындық екенін мәлімдеді.
Ұлттық құраманың белді боксшысы мансабын аяқтады
Ермахан Жақпеков спорттағы жолын мәжбүрлі түрде аяқтайтынын мәлімдеді.
Қазақстан әлем кубогында финалсыз қалды
Ауыр салмақтағы боксшы Сагындық Тоғамбай Астанадағы World Boxing кубогы турнирін қола жүлдемен аяқтады.
Курьер болып жұмыс істеген қазақ боксшысы әлемдік кубокта медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Ертуған Зейноллинов Астанада өтіп жатқан World Boxing кубогының ширек финалында жеңіске жетіп, кемі қола медаль иегері атанды.
Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын жеңді (ВИДЕО)
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Елдана Тәліпова Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды.
Аида Әбікеева нокдаун арқылы жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Қазақстандық Аида Әбікеева Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында оңтүстіккореялық қарсыласын нокдаунға жіберді.
Алуа Балқыбекова жапониялық боксшыны тас-талқан етті (ВИДЕО)
Қазақстандық былғары қолғап шебері Алуа Балқыбекова Астанадағы World Boxing кубогының ширек финалында кемі қола медаль иеленді.
Қазақ боксының алтын дәуірі: Кубалықтарды соққыға жыққан жылдар және Өзбекстаннан асып түскен мықтылық
Бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогы Қазақстан құрамасының тарихтағы айбарлы жолын еске түсіруге тамаша себеп. Бүгінгі жеңістеріміз кездейсоқ емес. Себебі қазақ боксы бұдан жиырма жыл бұрын әлемдік аренада айқын үстемдікке ие еді. Сол кезеңге шолу жасап көрсек.
Трамп Ақ үйді октагонға айналдырады
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үй аумағында UFC ұйымының чемпиондық жекпе-жегі өтетінін мәлімдеді.
Әбиба Әбужақынова 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды
2025 жылғы Будапешттегі дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова келер жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді.
"Fair Play" үлгісі: Назым Қызайбай қарсыластарына қалай көмектесті (ВИДЕО)
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай World Boxing Cub турнирінде жанкүйерлерді тек жеңісімен емес, сонымен бірге өзгеше қылығымен таң қалдырды. Ол өз жекпе-жектерін сәтті өткізіп қана қоймай, басқа елдің спортшыларына да секундант ретінде көмектесті.
Бүгін қазақстандық бес боксшы әлем кубогында рингке көтеріледі
Финал үшін басты айқаста Елдана Тәліпова өзбек боксшысымен жұдырықтасады.
Айбек Оралбайдың жекпе-жегі жанжалға ұласты — италиялық қарсылас төрешіге наразылық білдірді (ВИДЕО)
Ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Астанада өтіп жатқан World Boxing Кубогының жартылай финалына шықты. Алайда ширек финалдағы жекпе-жек тек спорттық емес, эмоциялық шиеленіске де толы болды.
Хабиб Нурмагомедов тағы да қаржы дауына ілікті
UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовке Ресей Федералдық салық қызметі (ФНС) жаңа қаржылық қарыз бойынша талап қойды. Жақында ғана 320 миллион рубль төлем жасап, шоттарын бұғаттан босатқан танымал спортшы енді 1,8 миллион рубль қарыз болып шықты.
Сабыржан Ақхалықов әлем кубогында жарқын камбэк жасады (ВИДЕО)
Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Ақхалықов Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогының ширек финалында жарқын жеңіске жетіп, кемінде қола жүлдеге ілікті.
"Қазақ Ломаченкосы" Астанада қарсыласын екінші раундта-ақ тоқтатты (ВИДЕО)
Махмұт Сабырхан World Boxing кубогында жартылай финалға жолдама алды.