Барлық жаңалықтар
Елена Рыбакина 2026 жылғы алғашқы турниріне келді
Қазақстанның №1 теннисшісі, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 2026 маусымын Австралияда бастайды. Ол Брисбенге жетіп, WTA күнтізбесіндегі жылдың алғашқы ірі додаларының бірі — Brisbane International (WTA 500) турниріне қатысады. Жарыс 4–11 қаңтар аралығында өтеді.
Энтони Джошуа қатысқан жол апатының себебі белгілі болды
Нигерияда экс-әлем чемпионы Энтони Джошуа отырған Lexus көлігі қатысқан ауыр жол апатының алдын ала себебі жарияланды. Оқиға 2025 жылғы 29 желтоқсанда Лагос–Ибадан тасжолында, Огун штатындағы Макун маңында болған.
Арман Царукян «Шара Буллетпен» болған жекпе-жектен кейін ақталды
UFC промоушенінде өнер көрсететін ресейлік-армяндық файтер Арман Царукян Ереванда өткен грэпплинг кездесуінен кейін пікір білдірді. Оның қарсыласы — Шарабутдин Магомедов, жанкүйерлерге «Шара Буллет» лақап атымен жақсы таныс.
Әлібек Қасым жаңа клуб таңдады
Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым мансабын «Астана» клубында жалғастыруы мүмкін.
Ел спортының 2025 жылғы үлкен сәтсіздіктері
2025 жыл қазақстандық спорт үшін «жеңіс жылы» болып есте қалған жоқ. Кей бағытта нәтиже төмендеді, кей жерде басқарушылық шешімдер сұрақ тудырды, ал халықаралық ареналарда жанкүйер күткен серпіліс байқалмады.
Ресми: "Ақтөбе" Бундеслига ойыншысын құрамына қосты
"Ақ-қызылдар" Иван Ордецпен келісімшартқа қол қойды.
Магнус Карлсен кезекті рет әлем чемпионы атанды
Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен блиц шахматтан өткен әлем чемпионатында тоғызыншы мәрте топ жарды. Дүбірлі дода Катар астанасы Дохада өткен болатын.
Ислам Чесноков осы аптада британдық клубқа ауысады
"Хартс" бапкері Исламның аптаның соңында команда сапына қосылатынын растады.
Қаршыға Дәуітбектің RIZIN-дегі жекпе-жегі күтпеген шешіммен аяқталды
Қазақстандық ММА жұлдызы Қаршыға Дәуітбек (18-3) Жапонияның Сайтама қаласында өткен RIZIN промоушнының турнирінде октагонға шықты. Алайда оның қарсыласы жапониялық Юта Кубомен (5-2) болған кездесу күтпеген оқиғамен аяқталды.
Дағыстандық қазақ пен Царукян жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
UFC жауынгерлері — Армения тумасы Арман Царукян мен дағыстандық Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедов — Ереванда өткен Hype Fighting турнирінде грэпплинг ережесі бойынша белдесті.
«Ливерпуль» бапкерімен ресми түрде қоштасты
Ағылшын Премьер-лигасында маусым бойы стандартты жағдайлардағы қорғаныс пен орындауда қиындық көріп жүрген «Ливерпуль» бапкерлер штабына өзгеріс енгізді. Клубтың стандарттар бойынша маманы Аарон Бриггс қызметінен кетті.
Eurosport Бубликтің матчын жылдың үздік бестігіне енгізді
Францияның Eurosport редакциясы 2025 жылы ерлер теннисінде өткен ең үздік бес матчтың тізімін жариялады. Рейтингке «Үлкен дулыға» турнирлерінің де, ATP турының да кездесулері кірген.
Бибісара Асаубаева — әлемнің үш дүркін чемпионы
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2025 жылғы блиц бойынша әлем чемпионатында жеңіске жетіп, бұл форматта үшінші мәрте алтын медаль еншіледі. Осылайша 21 жастағы спортшы әйелдер арасындағы блиц шахмат тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған санаулы ойыншылардың қатарына кірді.
«Барыс» 2025 жылдың соңғы ойынында фаворитті тізе бүктірді (ВИДЕО)
Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың 2025 жылғы соңғы матчында Омбыда «Авангардты» 4:2 есебімен жеңіп, маусымдағы ең жарқын сенсацияларының бірін жасады.
«Ақтөбе» бас бапкерге қатысты мәселені шешті
«Ақтөбе» ФК келесі маусымда да болгариялық маман Николай Костовпен жұмысын жалғастырмақ.
Жұлдыз Әбдукәрімова анасына Астанадан пәтер алып берді
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова анасына қымбат сыйлық жасап, Астанадан пәтер сатып алып бергенін айтты. Өнер иесі жаңа баспананы әлеуметтік желіде видео арқылы көрсетіп, бұл күнге бірнеше жыл дайындалғанын жеткізді.
Бибісара Асаубаева қарсыласын қапы қалдырып, блицтен ӘЧ финалына шықты
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц шахматтан әлем чемпионатының алғашқы финалисі атанды. Отандасымыз жартылай финалда Қытай өкілі Чжу Цзиньэрді айқын басымдықпен жеңді.
Энтони Джошуаның жол апатынан кейінгі жағдайы белгілі болды
Әлемге әйгілі британдық суперауыр салмақтағы боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа Нигерияда болған ауыр жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханаға жеткізілді. Шетелдік БАҚ мәліметінше, спортшының жағдайы тұрақты.
Дастан Сәтпаев алғаш рет сүйіктісін көрсетті
Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты тың жаңалығын жариялады. 17 жастағы футболшы Instagram парақшасында қысқы демалыстан түсірілген суретін көрсетіп, жанындағы бойжеткеннің өзіне жақын адам екенін аңғартты.
Аида Әбікеева сынған қолмен жұдырықтасып, Азия чемпионатында топ жарды
Қарағандылық боксшы, Қазақстан құрамасының өкілі Аида Әбікеева ауыр жарақатына қарамастан рингке шығып, Азия чемпионатында жеңіске жеткені белгілі болды. Бұл ақпаратты спортшының бапкері Ислам Әбдірайымов «Ласточка шахтерского города» деректі фильмінде айтып берді. Аталған фильм 27 желтоқсанда жарық көрген.