Барлық жаңалықтар
Қазақстандық танымал файтер шетелдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
ММА спортшысы Руслан Сәриев Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде сәтсіз дебют жасады.
Қазақстанның үздік теннисшісі АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.
Қазақстандық әлем чемпионы азаматтық ауыстырудан бас тартты
Бокстан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов мансабындағы маңызды шешімін айтты.
Жылдың ең қатыгез нокауты тіркелді (ВИДЕО)
Орландода өткен бокс кешінде жылдың ең әсерлі нокауттарының бірі тіркелді.
Сәбина Алтынбекова бұрынғы жұбайымен қайта қосылу мүмкіндігін жоққа шығармайды
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Динара Сәтжанға берген сұхбатында, отбасылық өмірі, бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы және болашаққа көзқарасы жайлы ашық айтты.
«Тоттенхэмге» уәде беріп, «Арсеналға» өтті – Эзенің күтпеген шешімі
«Кристал Пэлас» жұлдызы Эберечи Эзе жазғы трансфердің басты фигурасына айналды. Фабрицио Романоның мәліметінше, «Арсенал» мен лондондық клуб мәміле шарттары бойынша ортақ келісімге келген.
Джампинг: жаттығу емес, адреналин мен көңілдің көтерілуі
Көпшілігіміз үшін батут — балалық шақтағы қызықты ойын-сауық. Алайда бүгінде ол жаңа фитнес бағытына айналды. Джампинг — бұл арнайы батутта өтетін кардиотренировка.
Forbes ең бай теннисшіні атады
Forbes журналы соңғы 12 айда ең көп табыс тапқан теннисшілердің рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан тізімнің көшін әлемнің екінші ракеткасы, бес дүркін "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазы – испаниялық Карлос Алькарас бастады.
Боксшы қыз сұлулығымен әлеуметтік желіні жарды (ВИДЕО)
Австралиялық боксшы Скай Николсон (13-1, 2 КО) жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінде жанкүйерлердің назарын өзіне аударды. Оның жарқын күлкісі мен табиғи сұлулығы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, спортсүйер қауым арасында үлкен қызығушылық тудырды.
"Барыс" жаңа маусымға арналған ерекше формасын таныстырды (ВИДЕО)
"Барыс" ХК алдағы маусымға арналған жаңа ойын формасын көпшілікке ұсынды.
"Қорқақ" чемпион ба? Британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын әшкереледі
Орта салмақтағы Ұлыбритания чемпионы, бұрынғы әлемдік титулға үміткер Дензел Бентли қазақстандық әлем чемпионы, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлын әжуалады
Қазақстандық клуб Суперкубок қарсаңында жол апатына түсті
"Семей" футзал клубының ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы Қазақстан суперкубогына дайындық барысында жол-көлік оқиғасына тап болды.
"Барыс" NHL-да ойнаған легионермен толықты
Елордалық хоккей клубы тағы бір шетелдік ойыншымен толықты. Командаға америкалық шабуылшы Мэйсон Морелли қосылды.
Әйелдер футболында тарихи рекордтық трансфер жасалды
АҚШ-тың әйгілі футбол клубы "Орландо Прайд" Мексика құрамасының шабуылшысы Лизбет Овальені қатарға қосты.
Қазақстандық мергендер Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазақстан құрамасы стенд атудан Шымкенттегі Азия чемпионатында кезекті медаль алды.
Конор Макгрегор төрт жылдық үзілістен кейін жекпе-жекке шығады
Ирландиялық танымал файтер, бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор ұзақ үзілістен кейін қайта жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді. Ол алғашқы кездесуін жалаң қолмен төбелес (Bare Knuckle Fighting Championship – BKFC) ережесі бойынша өткізеді.
Елдегі жолдар 93%-ға жақсарды
Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Максат Қалиақпаров мәлімдеді.
"Қайрат" жанкүйерлері билет дауына байланысты мәлімдеме жасады
Алматының "Қайрат" ФК мен Шотландияның "Селтик" арасындағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта ойыны қарсаңында жанкүйерлер билеттерге қатысты даудан кейін арнайы үндеу жасады.
"Қайрат" қақпашысы үшін маусым аяқталды
Футболшы "Селтикке" қарсы матчта ауыр жарақат алған болатын.
Дастан Сәтпаев сүйікті футболшысын атады
Үлгі тұтатын ойыншысы — «Барселонаның» жұлдызы.