Барлық жаңалықтар
Мөлдір Жаңбырбай Чэндуде қарсыластарын талқандады
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратэден бәсеке басталды. Алғашқы жарыс күнінде 50 келіге дейінгі ең жеңіл салмақта әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шықты.
Қазақстан боксшысы Азия чемпионатының финалына ірі жеңіспен шықты (ВИДЕО)
Бангкокта жастар арасындағы Азия чемпионатында (U19) 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аяжан Ермек вьетнамдық Тхи Тхом Вуға қарсы сенімді жеңіске жетті.
7 жарыс — 0 ұпай: Цунода F1-дегі орнын жоғалтады ма?!
Юки Цунода жеті жарыстан бері ұпайсыз қалып, болашағына қатысты түрлі қауесеттерге түрткі болды.
Jah Khalib-тің отбасындағы трагедия – барлық концерттер кейінге қалдырылды
Қазақстандық танымал орындаушы Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) ел ішіндегі концерттік турын тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Шешко "МЮ"-ге өтті — "Ньюкасл" артта қалды
Словения құрамасының жас шабуылы Бенжамин Шешко жақын күндері "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанбақ. Бұл ақпаратты футболдағы сенімді инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растады.
Жазғы бассейндердегі жасырын қауіптер: Хлор иісі шын мәнінде не жасырады?
Жаздың ыстығында суға шомылудан артық не бар? Бірақ жазғы бассейндердің мөлдір көк суы әрдайым қауіпсіз емес. Құрамы таза болып көрінгенімен, ол біз күткеннен әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін.
Лука Модрич "Реалға" оралатын болды
39 жастағы Лука Модрич футбол мансабынан кейін "Реал Мадридке" бапкер ретінде оралуды жоспарлап отыр. Бұл туралы испандық Defensa Central басылымы хабарлады.
Азия чемпионатындағы нокауттар фестивалі: Қазақстандық жас боксшылар жартылай финалға шықты
Бокстан Таиландтағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар қарсыластарын нокаутпен қапы қалдырды.
Манчестер Сити жанкүйерлері Абдукодир Хусановқа қошемет көрсетті (ВИДЕО)
"Манчестер Ситидің" қорғаушысы Абдукодир Хусанов клуб жанкүйерлерінің жүрегін жаулап үлгерді.
"Барыс" ҚХЛ-дің топ-клубтарында ойнаған шабуылшымен келісімге келді
Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсеткен тәжірибелі шабуылшы Эмиль Галимовпен келісімшарт жасаспақ.
Таиландтағы кезекті нокаут! Нұрсұлтан Шілдебай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
U19 санатындағы 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші жекпе-жекте нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жолы рингте жарқ еткен — Нұрсұлтан Шілдебай.
Моңғол боксшысы есеңгіреп қалды: Әшірбай үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)
2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бейбарыс Әшірбай қарсыласынан нокаутпен басым түсті.
Ямаль өзінен 7 жас үлкен әншімен көңіл жарастырды (ФОТО)
Ламин Ямаль мен аргентиналық әнші Ники Николь арасындағы роман әлеуметтік желіні шулатты. 17 жастағы «Барселона» ойыншысы әйгілі әншімен бірге байқалып, жанкүйерлер арасында жаңа қызу талқы туғызды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Барыспен" келісімшартқа отырады
Қазақстан құрамасының хоккейшісі Владимир Волков жақын күндері "Барыс" ХК қаралымдық келісімшарт жасасады.
Яшаридің "Миланға" жолы: Екі айлық драма ақыры аяқталды
"Милан" швейцариялық жартылай қорғаушы Ардон Яшаримен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
Грузияда жоғалып кеткен қазақстандық боксшының бауыры өлі күйінде табылды
Қазақ кәсіпқой боксшысы Серік Мұсәділовтың отбасында орны толмас қаза болды. Оның бауыры Шыңғыс Мұсәділов Грузияда бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстарынан кейін өлі күйінде табылды.
Қазақстандық чемпион қарсыласын нокаутқа жіберіп медаль еншіледі (ВИДЕО)
Бангкоктағы World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар сәтті өнер көрсетуде. U19 санатындағы ширек финалдық жекпе-жектерде бірқатары жартылай финал жолдамасын сарапқа салды.
Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері 22 жылдан кейін түрмеден шықты
Қазақстандық танымал бапкер, Геннадий Головкиннің экс-жаттықтырушысы Серік Қалиев 22 жыл түрмеде отырған соң бостандыққа шықты.
Магомед Адиев қазақстандық шабуылшыны "Крылья Советов" клубында көргісі келеді
Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері, қазір "Крылья Советов" тізгінін ұстаған Магомед Адиев өзінің бұрынғы шәкірті — 23 жастағы қазақстандық вингер Максим Самородовты командасына алғысы келеді. Бұл туралы ол "РБ Спорт" тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.
"Ақтөбе" жаңа бас бапкерін таныстырды
Қазақстандық хоккейдегі маңызды жаңалықтардың бірі "Ақтөбе" хоккей клубының бас бапкер ауыстыруы болды. Клуб тізгінін ресейлік маман Виталий Казарин ұстады.