Барлық жаңалықтар
UFC чемпионы қазақ файтерлерін көлігімен жеткізіп тастады (ВИДЕО)
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы мықты файтері, грузиялық Мераб Двалишвили Лас-Вегаста өткен жаттығудан кейін қазақ файтерлеріне қолдау көрсетті. Ол Әліби Ыдырыс пен Дастан Амангелдіні көлігімен жаттығу залынан үйге дейін жеткізді.
"Бетперде таққан адам" бес баланың анасын үймен қамтамасыз етті (ВИДЕО)
Қазақстанда қайырымдылықтың жаңа символына айналған "бетперде таққан жігіт" елді тағы да тебірентті. Бұл жолы ол бес қыз тәрбиелеп отырған Айнәзік есімді жалғызбасты анаға жаңа үй сыйлады.
"Жұлдыздар өсіп келеді!" — Елеусінов ұлттық құрамадағы ең талантты боксшыларды атады
Рио Олимпиадасының чемпионы, кәсіби бокста жеңіліссіз өнер көрсетіп жүрген Данияр Елеусінов ұлттық құрамадағы талантты жас спортшылар туралы айтты.
"Реал" жұлдызы АПЛ клубының ұсынысын қабылдады
"Ливерпуль" мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Родриго Гоэстің агенттерімен келіссөздер жүргізіп, ойыншының жеке келісімшарт шарттары бойынша мәмілеге келді.
Новак Джокович футбол клубына инвестиция салады
Әлемдік теннистің аңызы, 24 мәрте "Үлкен дулыға" турнирінің чемпионы сербиялық Новак Джокович енді футбол бизнесіне бет бұрды. Ол Францияның "Ле-Ман" клубының инвесторлары қатарына қосылады. Бұл жөнінде беделді L'Équipe басылымы мәлімдеді.
«Арсеналдың» жаңа шабуылшысы клуб рекордын жаңартты
Ағылшындық «Арсенал» клубының жаңа шабуылшысы Виктор Дьекереш клуб тарихындағы ерекше рекорд орнатты. Оның есімі жазылған футболкаларға сұраныс соншалықты жоғары болғаннан, клубтың ресми сайты алғашқы күні істен шықты.
Сағат 6-дан кейін тамақтануға бола ма? Барлық мифті жоққа шығарамыз
Күніне 5 рет тамақтану – арықтаудың сенімді жолы ма, әлде кезекті фитнес-миф пе? Көптеген бағдарламалар мен кеңесшілер дәл осындай режимді ұсынады. Бірақ ғылыми зерттеулер бұл ұстанымды толығымен жоққа шығарады.
UFC Конор МакГрегорға қатысты соңғы шешімін жариялады
UFC ресми түрде ирландиялық файтердің ұйымның допингке қарсы бақылау жүйесіне (тестілеу пулына) қайта қосылғанын растады.
"ПСЖ" жұлдызы зорлау ісі бойынша 15 жылға түрмеге қамалудың алдында тұр
Франция прокуратурасы "Пари Сен-Жермен" клубының және Морокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакимиге қатысты зорлау ісі бойынша сот тергеуін бастауды талап етті. Егер айыптау қорытындысы қабылданса, футболшыны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.
"Мен бүгін өліп қала жаздадым!" — Назым Қызайбай бас бапкерге қатысты "шындықты" айтты (ВИДЕО)
Әйелдер арасында бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай ел құрамасының қазіргі жағдайы мен бапкерлердің қарым-қатынасы туралы ашық мәлімдеді. Жетекші боксшы Instagram парақшасында Елдос Сайдалин жетекшілік ететін оқу-жаттығу жиыны жайлы жанайқайын жеткізді.
Қуат Хамитов октагонға қайта оралатынын мәлімдеді: Қолында төрт ұсыныс бар
Танымал қазақстандық ММА жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов жақын уақытта октагонға қайта шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Қазақстандық боксшылар Өзбекстан мен Жапонияны нокаутпен талқандады
Таиланд астанасы Бангкоктағы жастар арасындағы Азия чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті бастады.
Роналду да, Марадона да жоқ! Платини тарихтағы үздік 4 футболшыны атады
Футбол тарихында үш мәрте «Алтын доп» жеңіп алған француз аңызы Мишель Платини үздік футболшылар тізімін жасап, көпшілікті таңғалдырды.
"Ұлы тұлға": Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасынан қуылған бас бапкерге баға берді
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ресейлік маман Станислав Черчесовпен жұмыс істеу өзіне үлкен тәжірибе бергенін айтты.
АПЛ-да трансферлік рекорд жаңара ма? Ливерпуль Исакты алуға әрекет жасады
Жазда ғана мерсисайдтық клуб Флориан Вирц үшін 125 миллион еуроға шығындалған болатын.
Төреғали Төреәлінің қарындасы ата-енесіне АҚШ-қа саяхат сыйлады (ВИДЕО)
Белгілі блогер Фариза Төреәлі мен оның жолдасы Дархан Нортаев жақындарының қуанышына себепкер болды. Ерлі-зайыптылар ата-аналарына Америка Құрама Штаттарына жолдама тарту етіп, көпшілікті тәнті етті.
Америкадағы қазақ дзюдошысы мойын омыртқасын сындырып, ауыр жарақат алды (ВИДЕО)
АҚШ-тың Сан-Диего қаласында дзюдода өнер көрсетіп жүрген Жасұлан Жұмағали ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға түсті.
Қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)
Бангкоктағы World Boxing ұйымы ұйымдастырған жастар арасындағы Азия чемпионатында Тимур Тайбеков алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады.
"Қазақтың қуатын көрсетейін": Батыр Жүкембаев Турки Аль аш-Шейхтен мүмкіндік сұрады
Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 KO) Сауд Арабиясындағы ең ірі бокс шоуларының ұйымдастырушысы, Турки Аль аш-Шейхке ашық өтініш жолдады.
"Оған бәрі жарасады": Қайрат Нұртас көшеде билеп, жанкүйерлерін қуантты (ВИДЕО)
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас көпшілік алдында ерекше образымен жарқ ете түсті. Көп ұзамай бесінші рет әке атанғалы отырған әнші қаланың қақ ортасында билеп, жанкүйерлердің көңілін бір серпілтті