Барлық жаңалықтар
Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ҚФФ жаңа атқарушы комитетіне кірді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңартылған атқарушы комитеті жарияланды. Оның құрамына ірі бизнес, мемлекеттік құрылымдар және спорт саласының өкілдері енді. Айрықша назар аудартқан есімдердің бірі – Kaspi.kz жетекшісі Михаил Ломтадзе.
Төрехан Сабырхан филиппиндік қарсыласын тас-талқан етті (ВИДЕО)
Бокстан "Thailand Open" халықаралық турнирінің ширек финалдық кезеңі басталды. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Төрехан Сабырхан филиппиндік Чавез Роналдты жеңді.
Елена Рыбакинаның "Ролан Гарростағы" алғашқы кездесуі драмаға айналды (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы (Roland Garros) алғашқы ойынында қиындыққа тап болып, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті.
Шымкентте футбол ойнап жүрген балаға садақ оғы тиіп, жарақат алды (ВИДЕО)
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда футбол ойнап жүрген 11 жастағы балаға садақ оғы тиіп, ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Самат Смақовтың баласы "Қайрат" сапында керемет гол соқты (ВИДЕО)
Қазақстан футболының аңызы Самат Смақовтың ұлы — 16 жастағы Аламгир Смақов QJ League турниріндегі кезекті ойында алыстан керемет гол соғып, жанкүйерлерді таңғалдырды.
Жәния Джуринскаяның ашық көйлегі желіде қызу пікірталас тудырды (ФОТО)
Қазақстандық актриса, "Қазақша розыгрыш" фильмі арқылы танылған Жәния Джуринская әлеуметтік желіде ерекше фотосуреттерімен жұрт назарын аударды. Актрисаның батыл образы жанкүйерлерді тамсандырса, кей желі қолданушыларын ашуландырды.
Өзбек боксы өрлеп тұр, қазақ боксы төмен сырғыды
BoxRec порталы жариялаған жаңа рейтингте Өзбекстанның боксшылары көш бастап, Қазақстан тек бір ғана өкілмен ТОП-10 қатарына ілікті.
Ел кубогының финалында футболшылар жарылыстан зардап шекті (ВИДЕО)
Сербия кубогының финалында қауіпсіздік мәселесі үлкен дауға айналды. "Црвена Звезда" мен "Воеводина" арасындағы кездесуде (3:0) трибунадан алаңға тасталған петарда ойын барысын бұзып, бірнеше ойыншы жарақат алды.
Қазақстандық жүзуші халықаралық турнирде қос "күміске" ие болды
Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон (Cannes-sur-Roussillon) қаласында өткен беделді халықаралық турнирде екі бірдей күміс медаль жеңіп алды.
ҚПЛ клубы стадионсыз қалады
Көкшетаудағы "Оқжетпес" стадионы уақытша жабылады. Аренада жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты клуб алдағы екі айда өз алаңында матч өткізе алмайды.
Астанада жүргізуші бордюрмен жүріп, әрекетін видеоға түсірген (ВИДЕО)
Елордада бір көлік жүргізушісі жолдағы кептелістен жалтару үшін көлік жолының шеткі жиегімен жүріп өтті. Оның бұл тәртіп бұзушылығы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі жоққа шығарылды
Қазақстандық ММА файтері Шавкат Рахмонов пен бұрынғы UFC чемпионы Белал Мухаммад арасындағы жекпе-жек өтеді деген ақпарат ресми түрде расталмады. Бұл туралы спортшының менеджері Дэниэл Рубенштейн мәлімдеді.
Бибісара Асаубаева әлем жұлдыздарын шаң қаптырып кетті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік деңгейдегі қарсыластарын артта қалдырып, ел тарихында екінші әйел-гроссмейстер атануға бір қадам қалды.
Бір тәулікте қос өзбек боксшысын нокаутқа жіберген қазақстандық даулы жеңіліске ұшырады
25 мамыр күні Қырғызстанның Ош қаласында кәсіби бокс кеші өтті.Басты жекпе-жектерінің бірі – қазақстандық Айдос Тастаев пен жергілікті боксшы Арген Кадырбек-уулу арасындағы кездесу болды.
Димаш Құдайбергеннің анасы жанкүйерлерге мәлімдеме жасады
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, белгілі өнер иесі Светлана Айтбаева ұлының туған күніне байланысты құттықтаулар мен қолдау сөздері үшін жанкүйерлерге алғыс білдірді.
Ақтөбедегі бокс кешінде қос қазақстандық чемпион нокаутпен жеңді
Ақтөбедегі кәсіби бокс кешінде екі бірдей титулдық жекпе-жек өтті.
Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Дохада 2025 жылы өтетін U17 жасөспірімдер арасындағы футболдан әлем чемпионатына арналған жеребе тарту рәсімі өтті.
Жанар Айжанованың қызы танымал видеожазба форматынан неге қорқатынын айтты
Белгілі блогер әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желілерде кең таралған видеотрендке қатысуға батылы жетпей жүргенін мойындады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында пікір қалдырды.
Лука Модрич зәулім үй сатып алды
"Реалмен" қоштасқан хорватиялық жұлдыз жаңа баспананың иесі атанды.
Бокстан Қазақстан құрамасының жұлдызы мансабын аяқтады
Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов белгілі боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың спорттық мансабын ресми түрде аяқтағанын растады.