Төрешілер, жанкүйерлер мен тіл тигізу: "Ақтөбе" мен "Ордабасы" жауапқа тартылды
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика комитеті Премьер-лиганың 23-туры аясындағы матчқа қатысты шешімін шығарды.
Қазақстан қоржынына пара үстел теннисінен қос "қола" түсті
Осы күндері Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында Азия Пара ойындары өтіп жатыр.
Ризабек Айтмұқан RAF лигасы рейтингінде үздік бестікке кірді
22 жастағы балуанның RAF-тегі қазіргі көрсеткіші – 1 жеңіс, 1 жеңіліс.
Қазақстан шахматшылары Тоқаевқа өтініш жолдады
Басты мақсат – Қазақстандағы шахматшыларды, бапкерлерді және балалар мен жасөспірімдер спортын жүйелі түрде қолдау.
"Қазақтың Сехудосы" Дмитрий Биволдың промоушенімен келісімшарт жасасты
Қазақстандық ММА файтері Дамир Төленов мансабындағы маңызды қадамға барды. "Қазақ Сехудосы" лақап атымен танылған файтер ресейлік RCC промоушенімен келісімшартқа отырды.
Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында қарсыласын тас-талқан етті
2026 жылғы Азия чемпионы Бибарыс Әшірбай Черногорияда 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті.
Еркін Ғаббасов Қазақстанға Азия Пара ойындарының алғашқы "алтынын" сыйлады
Ол 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудан сынға түскен болатын.
Қазақстан Әлем кубогында "алтын" алды
Командалық жарыстың финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.
Жеңіліп көрмеген боксшы 12-раундтың соңғы секундында нокаутқа түсті
Лас-Вегаста бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Себастьян Фундора албаниялық Эрмал Хадрибеайды жекпе-жектің соңғы секундында нокаутқа түсірді.
"Барыс" қақпашысы ҚХЛ-де үздік атанды
Андрей Шутов "Сібірге" қарсы ойында өз қақпасына бағытталған 31 соққының барлығын қайтарды.
Шавкат Рахмоновтың салмағындағы сұмдық нокаут: Бакли есін жия алмай қалды
UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде канадалық файтер Майк Мэлотт пен америкалық аралас жекпе-жек шебері Хоакин Бакли кездескен болатын.
"Қазақ терминаторы" қарсыласын аяусыз соққының астына алды
Мұратбек Қасымбай Ташкентте IBA Nomad 16 турнирінде ресейлік қарсыласын бес мәрте нокдаунға жіберіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады.
Өзбекстандықты нокаутқа түсірген Марсель енді Тоқтарға шүйлікті
Қырғызстандық файтер Марсель Нұрланбек уулу Еркебұлан Тоқтарға реванш өткізуді ұсынды.
"Тобыл" алты гол соғылған матчта "Жеңісті" тізе бүктірді
Қостанайдың "Тобылы" Қазақстан Премьер-лигасының 23-турынан кейінге шегерілген кездесуінде елордалық "Жеңістен" басым түсті.
"Ресейлік Тайсон" 40 жасында қайтыс болды
Кәсіпқой бокста "Ресейлік Тайсон" деген лақап атпен танылған Денис Бойцов 40 жасында өмірден өтті.
Месси отбасылық демалыс үшін 10 миллион еуроға шығындалды
Аргентиналық футболшы жуырда су жаңа яхтаға тапсырыс берді.
"Қайрат" "Ригамен" тең түскені үшін қанша миллион теңге табыс тапты?
Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчынан кейін қомақты қаржылай сыйақыға ие болды.
Әлем чемпионаты Бақыт Сәрсекбаевтың болашағына қалай әсер етеді?
16 қазанда Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында әлем чемпионаты басталады.
Әбиба Әбужақынова бастаған 17 дзюдошы Хорватиядағы Гран-приге барады
Загребтегі Гран-при кезеңі 13-15 қараша аралығында өтеді.
"Жаным – қазақ": Нидерланд рекордшысы Қазақстанға деген ерекше ықыласын білдірді
Жүзуден Нидерланд құрамасының өкілі, қазақтан шыққан белгілі жүзгіш Шон Ниволд Қазақстанмен байланысы туралы айтып, елімізге деген ыстық ықыласын жеткізді.