Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Кубеев Алихан

Кубеев Алихан

Бокс шолушысы

Алихан Кубеев — penalty.kz сайтының бокс шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Негізгі тақырыптары — жекпе-жек пен футбол: Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Асу Алмабаев сынды спортшылардың айқастары, «Қайраттың» еурокубоктағы матчтары және қазақстандық ойыншылардың трансфері. Сонымен қатар күнделікті жаңалықтар легін жүргізіп, теннис пен автоспортқа қатысты материалдар дайындайды, Елена Рыбакинаның турнирлердегі өнерін қадағалайды. Сайтта екі жарым мыңнан астам мақаласы жарық көрген.

Авто

Chevrolet Cobalt Қазақстанда бір аптада 1,7 млн теңгеге арзандады

Қазақстандықтар арасында кеңінен танымал Chevrolet Cobalt көлігі шілденің алғашқы аптасында 1,7 миллион теңгеге арзандап, нарықта одан әрі қолжетімді бола түсті. 

Теннис

US Open жеңімпазы Алматыдағы турнирге қатысады

Қазақстанмен ерекше байланысы бар жұлдыз спортшы бұл турнирді теннис жолындағы жаңа белес деп атады.

Жекпе-жек

Ұлттық құраманың белді боксшысы мансабын аяқтады

Ермахан Жақпеков спорттағы жолын мәжбүрлі түрде аяқтайтынын мәлімдеді.

Футбол

Дастан Сәтпаев "Барса" үшін "Челсиді" "лақтырып" кетті (ВИДЕО)

"Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев Еуропадағы сүйікті клубы ретінде испаниялық "Барселонаны" атады. Ағылшынның "Челсиіне" 4 млн еуроға сатылғанымен жас футболшының арманы Каталониямен байланысты екенін жасырмады.

Жекпе-жек

Қазақ боксының алтын дәуірі: Кубалықтарды соққыға жыққан жылдар және Өзбекстаннан асып түскен мықтылық

Бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогы Қазақстан құрамасының тарихтағы айбарлы жолын еске түсіруге тамаша себеп. Бүгінгі жеңістеріміз кездейсоқ емес. Себебі қазақ боксы бұдан жиырма жыл бұрын әлемдік аренада айқын үстемдікке ие еді. Сол кезеңге шолу жасап көрсек.

Футбол

"Боруссия" ойыншысы ішімдік үшін негізгі құрамнан шеттетілді

Футбол

Қазақстан ба? Өзбекстан футболдан әлем чемпионатын бірге өткізгісі келеді

Өзбекстан бірлескен әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отыр. 

Футбол

"Ливерпуль" Диогу Жотаның құрметіне 20-нөмірді мәңгілікке жойды (ВИДЕО)

3 шілде футбол жанкүйерлері үшін қаралы күн болды. Португалиялық шабуылшы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға байланысты "Ливерпуль" тарихи шешім қабылдап Жота ойнаған 20-нөмір мәңгілікке шегерілді.

Хоккей

"Барыстың" ҚХЛ-дағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

2025/26 жылғы Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы үш кездесуінде астаналық "Барыс" өз айдынында "Трактор", "Амур" және Минсктің "Динамосын" қабылдайды.

Теннис

Қазақстандық теннисші Уимблдонның екінші айналымына жолдама алды

Анна Данилина жұптық сында чехиялық Мария Боузковамен бірге "Үлкен дулыға" турнирін сәтті бастады. 

Футбол

Ғалымжан Кенжебек "Елімай" сапында

Жас талант Семейге ауысып, тарихи клубтың қайта жандану жолындағы жаңа жобасына қосылды.

Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралмақ

Oktagon ұйымында белбеу иеленгеннен кейін Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралу ниетін ашық айтты. Қазақстандық файтер ауыр жарақатына қарамастан, қарсыласын жеңіп, енді Америкада жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Жекпе-жек

Нұрбек Оралбай бүгін шаршы алаңға шықпайды

Үндістандық қарсыласы бас тартқандықтан қазақстандық боксшы жартылай финалға автоматты түрде өтті.

Жекпе-жек

Жанкүйерлер ең сұлу боксшы атаған қазақстандық ару кәсіпқой деңгейде дебют жасады (ВИДЕО)

Сұлулығымен де, шеберлігімен де танылған Милана Сафронова кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді. Ол Ыстанбұлда өткен IBA.Pro 7 турнирінде жергілікті боксшы Гүлсүм Сейма Татармен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек

Курьерден чемпионға дейін: Ертуған Зейноллинов әлем кубогында нокдаунмен жеңіске жетті (ВИДЕО)

Астанадағы World Boxing әлем кубогында қазақстандық боксшы Ертуған Зейноллинов алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын тізе бүктіріп, жарқын жеңіске жетті. 

Футбол

Тағы бір 16 жастағы талант ҚПЛ-де ойнайды (ВИДЕО)

Қазақстан футболында жас дарындарға сенім арту дәстүрге айналып келеді. Бұл жолы Алматының "Қайраты" 16 жастағы Дәулет Орынбасарды Премьер-лиганың 15-турына арналған негізгі құрам қатарына қосқанын хабарлады.

Жекпе-жек

Санжар Тәшкенбай жойқын дебют жасап, World Boxing кубогының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)

50 кг салмақ дәрежесінің ¼ финалында Санжар Тәшкенбай жапониялық Содаи Котоны толық басымдықпен ұтты. Бес төреші де қазақстандық боксшыға 10:9 ұпайын берді — есеп 5:0.

Футбол

Қазақстан құрамасы Ақтөбеде Англиямен кездеседі

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 8 қыркүйекте Ақтөбеде Еуропа чемпионы Англиямен кездеседі. Бұл матч 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Жекпе-жек

Кәсіпқой боксқа өткен отандасымыз түрік чемпионымен күш сынасады

Қазақстандық боксшы, Азия чемпионы Милана Сафронова 2 шілде күні Ыстанбұлда кәсіби рингке алғаш рет шығады. Ол бұл жекпе-жекті өзінің өміріндегі ең ірі турнир деп атап, мұндай сында туған елінде өнер көрсетуді армандайтынын айтты.

Авто

Қазақстанда жанармай бағасы рекорд жаңартты

Маусым айында АИ-92 бензині 4–6 теңгеге өсіп, Алматы мен Астанада 217 теңгеге дейін жетті. Бұл — ақпан айынан бергі ең жоғары баға.