Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Кубеев Алихан

Кубеев Алихан

Бокс шолушысы

Алихан Кубеев — penalty.kz сайтының бокс шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Негізгі тақырыптары — жекпе-жек пен футбол: Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Асу Алмабаев сынды спортшылардың айқастары, «Қайраттың» еурокубоктағы матчтары және қазақстандық ойыншылардың трансфері. Сонымен қатар күнделікті жаңалықтар легін жүргізіп, теннис пен автоспортқа қатысты материалдар дайындайды, Елена Рыбакинаның турнирлердегі өнерін қадағалайды. Сайтта екі жарым мыңнан астам мақаласы жарық көрген.

Авто

Қазақстанда жанармай бағасы рекорд жаңартты

Маусым айында АИ-92 бензині 4–6 теңгеге өсіп, Алматы мен Астанада 217 теңгеге дейін жетті. Бұл — ақпан айынан бергі ең жоғары баға.

Теннис

Уимблдон-2025: Екі күнде үздік ондықтағы төрт теннисші жарыстан шығып қалды

Әлемнің бірқатар үздік теннисшісі Уимблдонның алғашқы күндерінде-ақ сәтсіздікке ұшырады. Турнир сенсациялармен басталды.

Теннис

Бүкіл ел үміт артқан Бублик мұндай соққы күтпеген еді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 31-орында) Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуінде күтпеген жеңіліске ұшырады. Ол бірінші айналымда испаниялық Хауме Муньярден (55-орын) бес сеттік матчта 4:6, 6:3, 6:4, 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жаңалықтар

Бауыржан Исламхан мен Елдос Ахметов бетпе-бет келді (ВИДЕО)

Қазақстан футболының қос жұлдызы — Бауыржан Исламхан мен Елдос Ахметов студияда бас қосып, бір-біріне кәсіби мансабы жайлы сұрақтар қойып, көрерменге шынайы достықтың үлгісін көрсетті.

Хоккей

"Барыс" басшысына қатысты Антикор түсініктеме берді

Бұрын аса ірі көлемде алаяқтық үшін сотталған Сәкен Мұсайбековтің «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалуы қоғамда дау туғызған еді. 

Жаңалықтар

ЖБ-Шоу! Ташкенттегі футбол мейрамы мен қазақ жанкүйерлері (ВИДЕО)

Футбол мерекесінің куәсі болу үшін Ермұхамед Мәулен мен Олжас Байбосын Ташкентке арнай барып, атмосфераны өз көздерімен көріп қайтты. Көрген-түйгендерін бүгінгі шығарылымда бөлісті.

Жекпе-жек

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды

Вунгтау (Вьетнам) қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы жалпы 38 жүлде, оның ішінде 13 алтын медаль жеңіп алды. 

Жекпе-жек

Соңғы секундтағы шок! Жеңіліп көрмеген чемпион күтпеген нокаутпен құлады (ВИДЕО)

Америкалық Авиус Гриффин (17–1, 16 КО) өз мансабындағы алғашқы жеңілісін ауыр нокаутпен қабыл алды. Бұл жекпе-жек WBC тұжырымы бойынша АҚШ чемпиондық белдігі үшін өткен. 

Жекпе-жек

Жеңілістен қорқа ма? Өзбекстан құрамасының бас бапкері қазақ боксшылары туралы айтты

Астанада өтіп жатқан бокстан әлем кубогына Өзбекстан ерлер құрамасының қатыспауы спорт жанкүйерлерінің назарын аударды. 

Жекпе-жек

Күтпеген жеңіліс пен сенімді жеңістер: Қазақстан үшін әлем кубогы қалай бастады?

Қазақстандық боксшылар Astana World Boxing кубогінің алғашқы күнінде бірнеше жарқын жеңіске жетіп, бір сәтсіздікпен де бетпе-бет келді.

Футбол

"Лионды" тұңғыш рет әйел басқарады

Ол клубтың қаржылық дауға байланысты Лига 2-ге түсіп кетпеуімен айналысады. 

Жекпе-жек

"Атақ үшін емес!" Жәнібек Әлімханұлы мансабындағы мақсатын жариялады

Орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста көздегенін әлеуметтік желіде жария етті. 

Футбол

"Ордабасы" қатарына еуропалық легионер қосылды

Ол бұған дейін мүлдем шетелдік клубта өнер көрсетпеген. 

Жекпе-жек

Абылайхан Жүсіпов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Жарақат салдарынан дәрігер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Жаңалықтар

"Маған көмектесіңіздер!" – ҚФФ басшысы қазақ тілі үшін халықтан көмек сұрады

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында елден қолдау сұрады. Ол алдағы бір жыл ішінде қазақ тілінде еркін сөйлей алатынына сенімді.

Футбол

"Бавария" мен "Фламенго" арасындағы матч алты голмен аяқталды (ВИДЕО)

Майамидегі атақты "Хард Рок" стадионындағы клубтық чемпионаттың 1/8 финалдық кезеңі жанкүйерлерге нағыз футбол спектаклін сыйлады. "Бавария" Бразилияның мықты ұжымы — "Фламенгоны" 4:2 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Футбол

Луис Энрике тарихтағы ең ұлы футболшыны атады

Энрике бұл футболшының 10 жылдан астам уақыт бойы жоғары деңгейде өнер көрсетуін феномен деп бағалады.

Жаңалықтар

Mercedes пен Adidas бірікті

Жуырда аталған брендтер жаңа бірлескен жобасын таныстырды. Ол Формула-1 әлеміне арналған. 

Жаңалықтар

Қазақстанда жемқорлардың ақшасына спорт мектебі салынды

Акмола облысындағы Зеренді ауылында қайтарылған активтер есебінен аумағы 6 мың м² болатын спорт мектебі ашылды. Жоба – Президент бастамасындағы алғашқы нысан.

Жекпе-жек

UFC-дің еуропалық нұсқасында қазақ батыры чемпион атанды

Кәсіпқой аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Германияның Гамбург қаласында Oktagon 73 турнирінде өнер көрсетіп, айрықша жетістікке жетті. Бұл жарысты көпшілік "еуропалық UFC" деп атайды — себебі Oktagon MMA лигасы Еуропадағы ең беделді ұйымдардың бірі.