Ғалым Мәмбетәлиев "Барыста" қалды
Астаналық "Барыс" клубының айналасында белгісіздік жалғасуда. Қазақстандық бапкер Ғалым Мәмбетәлиев команданың жаттықтырушылар құрамында қала бермек.
Винисиус "Реалға" жаңа талап қойды
Мадридтік клубтың шабуылшысы Винисиус Жуниор жаңа келісімшарт бойынша жылдық табысын 20 миллион еуроға дейін көтеруді сұрады.
"Жастарға жол беру керек": Асхат Тағыберген мансабын аяқтайтынын мәлімдеді (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, "Тобыл" ФК жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Данияр Елеусінов келесі жекпе-жек мерзімін жариялады
Рио Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Вашингтонда өткен бокс кешінен кейін алдағы жоспарларын айтты.
"Манчестер Юнайтедте" ойнауға лайықсың!" Көкшетаулық жанкүйер футболшыға қолдау білдірді (ВИДЕО)
ҚПЛ-дің 17-турындағы "Оқжетпес" – "Ұлытау" (1:0) матчынан кейін көкшетаулық жанкүйер жартылай қорғаушы Дамир Маратқа ерекше қолдау білдірді.
"Барысқа" жаңа бас бапкер тағайындалды
Елордалық клубтың тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец ұстайды деген ақпарат тарады. Бұл туралы ресейлік спорт журналисі Алексей Шевченко мәлімдеді.
Қазақстан Универсиадада алтыншы медаль иеленді (ВИДЕО)
Қазақстан Ұлттық құрамасы XXXII жазғы Универсиада ойындарында алтыншы жүлде жеңіп алды. Бұл жолы ел қоржынына қола медальді таэквондошы Бейбарыс Қаблан салды.
"Әл-Хиляль" Суперкубоктан бас тартты
Сауд Арабиясының вице-чемпионы – "Әл-Хиляль" клубы ұлттық Суперкубокқа қатысудан ресми түрде бас тартты. Эр-Риядтық команданың мәлімдемесі клубтың ресми сайтында жарияланды.
Ел күткен Төрехан Сабырхан тізімде жоқ. Сәрсекбаевтың шешімі жанкүйерлерді таңғалдырды
Бокстан Қазақстан U-22 құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаев жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын боксшылар тізімін жария етті. Бірақ көпшілік күткен Төрехан Сабырхан бұл жолы құрамға енбей қалды.
"Барыс" жаңа ҚХЛ маусымына дайын (ВИДЕО)
"Барыс" ХК Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы қарсаңында ресми ақпарат таратты. Команда құрамындағы ойыншылар жаттығу жиындарын бастап кетті.
Серікжан Мұжықов жаңа клубта таныстырылды
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықов ресми түрде Көкшетаудың "Оқжетпесіне" қосылды.
"Кел, бірге-бір шығасың ба?" — Асхат Тағыберген матч кезінде жанкүйерге сес көрсетті (ВИДЕО)
"Тобыл" ФК капитаны Асхат Тағыберген мен "Ақтөбе" жанкүйері арасында ҚПЛ матчында келеңсіз жағдай болды. Футболшы ойын кезінде трибунадағы жанкүйермен сөзге келіп, ашық түрде "жекпе-жекке" шақырған.
Ван Даммның ізімен: Оралдық құтқарушы әйгілі трюкті қайталады (ВИДЕО)
Оралдық құтқарушы атақты актер Жан-Клод Ван Даммның "шпагатын" қайталап, әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Видео қаладағы Төтенше жағдайлар басқармасының парақшасында жарияланды.
Ағылшын футболының аңызы ес-түссіз күйде табылды
Пол Гаскойн есінен танып, жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол реанимацияда жатыр.
Шымкентте камерундық футболшы есірткі үшін 8 жылға сотталды (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі заттарын заңсыз сақтап, тасымалдаған 33 жастағы камерундық футболшы Мбала Бомба Роджер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Азия чемпионатына бару үшін несие алуға тура келді" – жас балуандар құрамасындағы дау жайлы не белгілі?
Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасында қаржылық қиындықтарға байланысты даулы жағдай болды. Жаттықтырушы Айдын Сәрсекеев Азия чемпионатына жеке қаражатымен барғанын мәлімдеді.
"Спартак" Бақтиер Зайнутдиновпен келісімге келуге дайын
Мәскеулік "Спартак" қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов пен португалиялық Джедсон Фернандешті қатарынан көруді қалайды. Түркиялық БАҚ деректеріне сүйенсек, қос футболшының "Бешікташтан" кетуіне нақты алғышарттар қалыптасқан.
Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына дайын: Таиландқа кімдер барады? (ВИДЕО)
Бокстан Қазақстанжастар құрамасы Азия чемпионатына тас түйін дайын. Құрлықтық дода 30 шілде мен 12 тамыз аралығында Бангкокта өтеді.
Дэвид Бекхэм шаштаразға бармаймын деп басынан айырылды (ВИДЕО)
Ағылшын футболының аңызы Дэвид Бекхэм имиджін жаңартқысы келіп, 20 жыл бұрынғы стиліне оралмақ болды. Бұл оның алғаш рет АПЛ-дегі "Лестер Ситиге" қарсы матчында жұрт алдына шыққан кездегі қысқа шаш үлгісі болатын. Алайда бәрі жоспардағыдай болмады...
Футболсүйер қауым үшін тосын сый!
"Қайрат" Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде финляндиялық КуПС командасымен кездеседі. Бұл матчты қазақ жанкүйерлері тікелей эфирде тамашалай алады.