Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Нұрғалиева Сая

Нұрғалиева Сая

Спорт шолушысы

Сая Нұрғалиева — penalty.kz сайтының спорт шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Оның негізгі бағыттары — жекпе-жек түрлері, футбол және теннис, сонымен қатар күнделікті жаңалықтар мен әртүрлі спорт тақырыбындағы материалдар. Автордың мәтіндерінде Бибісара Асаубаеваның шахмат турнирлеріндегі жолы, Елена Рыбакина мен Соня Жиенбаеваның WTA сында өнер көрсетуі, "Қайрат" пен "Астана" клубтарының жаңалықтары, қазақ күресі, таеквондо, джиу-джитсу және жеңіл атлетикадан әлем, Азия, Орталық Азия чемпионаттарындағы медальдар туралы жиі айтылады. Жалпы саны екі мыңнан астам жарияланымның авторы.

Италияның қос алыбы таласып жатқан «Арсенал» вингері кім?
Футбол

Италияның қос алыбы таласып жатқан «Арсенал» вингері кім?

Леандро Троссард жазғы трансферлік науқанның басты кейіпкеріне айналды. Лондондық «Арсеналдың»  бельгиялық вингері үшін енді Италияның екі алпауыты таласқа түсті.

Спортшылар жасырып келген құпия: майдан арылып, рельефті денеге жетудің жолы
Фитнес

Спортшылар жасырып келген құпия: майдан арылып, рельефті денеге жетудің жолы

Соңғы жылдары дене пішінін мінсіз етуге ұмтылған жандар арасында «сушка» термині жиі қолданылып жүр. Бұл – майдан арылуға бағытталған жаттығулар мен көмірсулардан барынша бас тартуға негізделген арнайы диета. Нәтижесінде бұлшықет рельефі айқындалып, денедегі май мөлшері азаяды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр? (ВИДЕО)
Жекпе-жек

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қалай дайындалып жатыр? (ВИДЕО)

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Ливерпульде өтетін бокстан әлем чемпионатына дайындық барысын мәлімдеді.

Қазақстандық балуандар жұлдызды құраммен халықаралық турнирге аттанды
Жекпе-жек

Қазақстандық балуандар жұлдызды құраммен халықаралық турнирге аттанды

Польша астанасы Варшавада дәстүрлі Poland Open халықаралық турнирі басталды. Оған Қазақстанның еркін, грек-рим және әйелдер құрамалары қатысып жатыр. 

"Кешірім берсе де сотталады". Адвокат Шавкат Рахмоновтың жарына қатысты пікір білдірді
Бәрі-бір

"Кешірім берсе де сотталады". Адвокат Шавкат Рахмоновтың жарына қатысты пікір білдірді

UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың отбасында ауыр жағдай туындады. Жамбыл облысында орын алған қайғылы жол апатынан кейін спортшының жұбайы бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

25 мың көрермен жиналады: Астана Аренаға ертерек келу ұсынылды
Бәрі-бір

25 мың көрермен жиналады: Астана Аренаға ертерек келу ұсынылды

1 тамыз күні өтетін әлемдік жұлдыздың шоуы қарсаңында ұйымдастырушылар жанкүйерлерге есіктің 16:30-да ашылатынын ескертіп, кептеліс пен ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін ертерек келуді өтінді.

Елена Рыбакина Монреаль турнирін жылдам жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Теннис

Елена Рыбакина Монреаль турнирін жылдам жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирді қазақстандық теннисші (WTA рейтингінде 12-орын) жеңіспен бастады. 

Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзова арасындағы дау қайта өршіді (ВИДЕО)
Бәрі-бір

Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзова арасындағы дау қайта өршіді (ВИДЕО)

Белгілі әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында атышулы "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" телехикаясына жұмсалған мемлекеттік қаржыға байланысты Баян Алагөзоваға талап қойды.

Ақбота Сейтмағамбет жанкүйерлерін тағы да тамсандырды
Бәрі-бір

Ақбота Сейтмағамбет жанкүйерлерін тағы да тамсандырды

Қазақстандық актриса және әнші Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желідегі жаңа фотосессиясымен тағы да ел назарын өзіне аударды.  

Мінезіңіз бен дене құрылымыңызға сай спорт түрін таңдаңыз!
Фитнес

Мінезіңіз бен дене құрылымыңызға сай спорт түрін таңдаңыз!

Спорт — бұл тек қана қозғалыс емес. Ол сіздің мінезіңізге, өмірлік ұстанымыңызға және физикалық ерекшеліктеріңізге сай болуы керек. Біреуге топтық ойындар ұнайды, ал екіншісі жалғыз жаттығуды жақсы көреді. Неге? Себебі әр адамның болмысы әртүрлі. 

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Пәкістан тауларында жоғалып кетті
Жаңалықтар

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Пәкістан тауларында жоғалып кетті

Германияның аты аңызға айналған биатлоншысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Лаура Дальмайер Пәкістан тауларында тас көшкініне тап болды. Оқиға 5700 метр биіктікте болған. 

"Сақталған сағыныш": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жеке заттарын көрсетті (ВИДЕО)
Бәрі-бір

"Сақталған сағыныш": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жеке заттарын көрсетті (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің тіршілігінде пайдаланған заттарын жұрт назарына ұсынды.

Димаштың әні алғаш рет Мексикадағы Radio Disney эфирінен берілді
Бәрі-бір

Димаштың әні алғаш рет Мексикадағы Radio Disney эфирінен берілді

Қазақстандық әлемдік жұлдыз Димаш Құдайбергеннің "Love’s Not Over Yet" атты әні алғаш рет Radio Disney Мексика радиостанциясының плейлистіне енгізілді.

Дәрігерлер де мақұлдайды: Сайкл — ең қауіпсіз кардио!
Фитнес

Дәрігерлер де мақұлдайды: Сайкл — ең қауіпсіз кардио!

Сайкл (Cycle) тренировка — бұл арнайы велотренажерде, белсенді музыкамен және жаттықтырушының жетекшілігімен өтетін топтық жаттығу. Мұндай жаттығулар жаңадан бастағандарға да қолайлы және артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін тиімді әдіс болып саналады.

Доннарумма «ПСЖ»-дан неге кетпек?
Футбол

Доннарумма «ПСЖ»-дан неге кетпек?

Италиялық қақпашы Джанлуиджи Доннарумма  Чемпиондар лигасын жеңіп алғаннан кейін де «Пари Сен-Жерменнен» кетуі мүмкін. Себебі – қаржылық талаптар. Бұл туралы L’Équipe және Foot Mercato басылымдары хабарлайды.

"Біреуі – анасына, екіншісі – әкесіне ұқсайды": Баян Алагөзованың қыздары жұртты сүйсіндірді (ФОТО)
Бәрі-бір

"Біреуі – анасына, екіншісі – әкесіне ұқсайды": Баян Алагөзованың қыздары жұртты сүйсіндірді (ФОТО)

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде Алиса мен Алма есімді кішкентай қыздарының жаңа суретін жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. 

"Еркін жүрген әйелдерге қызықтым": Балжан Бидаш өткен өмірі жайлы ашық айтты
Бәрі-бір

"Еркін жүрген әйелдерге қызықтым": Балжан Бидаш өткен өмірі жайлы ашық айтты

Танымал қазақстандық әнші Балжан Бидаш тұрмыста болған кезеңдерін еске алып, жеке өміріндегі толғаныстарын айтты. 

"Жайық" волейбол клубы Чемпиондар лигасында топ жарды
Жаңалықтар

"Жайық" волейбол клубы Чемпиондар лигасында топ жарды

Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген "Жайық" волейбол клубы Орталық Азияның таңдаулы командалары қатысқан Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Турнир Мальдив аралдарының астанасы — Мале қаласында өтті.

Айгүл Иманбаеваның жұбайымен түскен видеосы желіде сынға ұшырады (ВИДЕО)
Бәрі-бір

Айгүл Иманбаеваның жұбайымен түскен видеосы желіде сынға ұшырады (ВИДЕО)

48 жастағы қазақстандық әнші, актриса және продюсер Айгүл Иманбаева Instagram желісінде күйеуімен бірге түсірілген романтикалық видеосын бөлісіп, хейтерлер тарапынан сын естіді.

"Жүрегім дүрсілдеп тұр": Мөлдір Мұқанова ұшақта көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Бәрі-бір

"Жүрегім дүрсілдеп тұр": Мөлдір Мұқанова ұшақта көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова оқырмандарына алғаш рет жеке ұшақта ұшу сәтін жариялады.