Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

қысқы олимпиада

Қысқы Олимпиада-2026 тақырыбына арналған материалдар: қазақстандық спортшылардың жарыс күндері, хоккей матчтары мен жалпы нәтижелер, Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина туралы жаңалықтар. Мұнда сыйақылар, пәтер сертификаттары, ХОК төлемдері және елдегі қысқы спорттың жағдайы жайлы пікірлер де жинақталған.
Жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі жарияланды

6–22 ақпан аралығында Милан қаласында және Италияның солтүстігіндегі бірнеше өңірде XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді.

Жаңалықтар

Олимпиада-2026: Қазақстан үшін бір спортшының дайындығы ₸369,4 млн-ға түсті

Италияда өтетін қысқы Олимпиада-2026 ойындарына Қазақстан да қатысады. 6–22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-д’Ампеццодағы додаға 36 атлет жолдама алған.

Жаңалықтар

Қысқы Олимпиадаға Қазақстанның қай өңірлерінен спортшылар барады?

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары жақында басталады. Төртжылдықтың басты додасында әлемнің 93 елінен 3500-ден аса спортшы бақ сынайды.

Жаңалықтар

Кашемир, жібек, киіз үй өрнегі: Моңғолия Олимпиада стилін жаңа деңгейге көтерді

Әлеуметтік желіде Моңғолия ұлттық құрамасының жаңа Олимпиада формасы қызу талқыланып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Қолданушылар киім үлгісінің ұлттық стиль мен заманауи дизайнды үйлестіре алғанын айтып, оны алдағы ойындардың ең есте қаларлық образдарының бірі болуы мүмкін деп бағалады.

Жаңалықтар

Президент ұлттық құрама мүшелеріне мемлекеттік туды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік туды Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовқа табыстады. 

Жаңалықтар

Милан-2026: биатлоннан ел намысын кімдер қорғайды?

Қазақстанның биатлоншылар одағы (ҚБО) бапкерлер штабымен бірлесіп 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ресми түрде бекітті.

Жаңалықтар

Олимпиада-2026: Қазақстан қанша қаржы жұмсады?

Қысқы Олимпиада Милан қаласында өтеді.

Жаңалықтар

Олимпиада-2026: Қазақстандық конькишілер қанша жолдама алды?

Әзірге қоржында оннан аса жолдама бар. 

Жаңалықтар

Қысқы Олимпиадаға қатысатын шорт-трекшілер белгілі болды

Шорт-тректен Миландағы қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды.

Жаңалықтар

Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды

Қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу салтанатты рәсімі өтті.

Жаңалықтар

Дзюдо енді қар үстінде ме? ХОК күтпеген шешім қабылдамақ

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дәстүрлі түрде жазда өтетін кейбір спорт түрлерін енгізу мәселесін талқылауда. Атап айтқанда, дзюдо, велокросс және кросс-жүгіру сияқты спорттар қысқы бағдарламаға қосылуы ықтимал. 

Жаңалықтар

Италия қысқы Олимпиада кезінде соғысты тоқтатуды ұсынды

Италия үкіметі 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтетін кезеңде барлық соғыс пен қақтығысты уақытша тоқтату мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) ресми түрде ұсыныс енгізбек.

Жаңалықтар

Қазақстан қысқы спорт түрінен әлемде үздік төрттік қатарында

Бұл мәлімдемені Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) фристайл бойынша рейс-директоры Андреа Ринальди жасады. Ол Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жоғары бағалап, Қазақстанның жүйелі дамуы мен халықаралық әріптестігіне ерекше назар аударды.

Жаңалықтар

Қазақстан спортшыларына Олимпиада-2026 медальдары таныстырылды

Италиядағы қысқы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарының ресми медальдары таныстырылды – ерекше дизайн, экологиялық тазалық және терең мағына көпшіліктің көңілінен шықты.

Жаңалықтар

Қазақстанның 2026 жылғы Олимпиадаға қатысты тағдыры шешілді

Ақ олимпиада келесі жылы Милан мен Кортина қалаларында өтеді. 

Жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы ₸38 млрд салдыртқан шаңғы трамплині қаңырап бос тұр

Кезінде Арыстанбек Мұхамедиұлы спорт министрі болып тұрғанда Щучинск қаласынан ашқан тау-шаңғы трамплині қаңырап бос тұр. 

Жаңалықтар

Үкімет басшысы министрлерге қысқы спортты дамыту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын ширату мәселесі сөз болды. 

Жаңалықтар

Универсиадада ту ұстап шығатын қазақ спортшыларының есімі белгілі болды

Туриндегі XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шығатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды. 

Жаңалықтар

Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды

2025 жылғы Бүкіләлемдік қысқы Универсиада Италияның Турин қаласында 13-23 қаңтар аралығында өтеді. 

Жаңалықтар

Қазақстан атынан Қысқы Универсиадаға кімдер барады?

Қазақстан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысатын ұлттық құраманы ресми түрде жариялады.