Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Махмұд Сабырхан

Махмуд Сабырхан орысша

Махмұд Сабырхан — қазақстандық боксшы, екі дүркін әлем чемпионы (2023, 2025). 2023 жылы Ташкентте 54 келіде, 2025 жылы Ливерпульде 55 келіде әлем чемпионы атанды, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2024 жылғы Азия чемпионы, 2025 жылы кәсіпқой бокста дебют жасады.

Спорт түрі
Бокс
Туған күні
09.09.2001
Туған жері
Түркістан облысы, Маятас ауылы
Әлем чемпионаты
Чемпион: 2023 (Ташкент), 2025 (Ливерпуль); күміс: 2021
Азия чемпионаты
Чемпион, 2024
Әлем кубогы
Жеңімпаз, 2025 (Астана)
Кәсіпқой бокс
Дебют, 2025

Анықтама Уикипедия бойынша: Махмұд Айдарханұлы Сабырхан

Жекпе-жек

Бүгін Сабыржан Аққалықов Азиададағы алғашқы айқасын өткізеді

Отандасымыздың қарсыласы - Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сон. Боксшылар Азия ойындарының 1/4 финалы жолдамасы үшін таласады. 

Жекпе-жек

Азия ойындары: Қазақстандық боксшылар қашан рингке шығады?

Жекпе-жек кестесі турнир барысына қарай өзгеруі мүмкін.

Жекпе-жек

Азия ойындары: Қазақстан боксшылары алғашқы қарсыластарын білді

Бокс турнирі 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді. Жалпы, саны 11 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Жекпе-жек

Ағайынды Сабырхандардың бапкері Азиада алдында мәлімдеме жасады

Бокстан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков 2026 жылғы Азия ойындары қарсаңында Махмұд пен Төрехан Сабырханның дайындығы туралы айтты. 

Жекпе-жек

Махмұд Сабырханның Азиада додасындағы басты қарсыластары анықталды

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін Азия ойындарында екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырханға негізгі бәсекелес атануы мүмкін былғары қолғап шеберлерін атады.

Жаңалықтар

Азиадаға қатысатын боксшылар құрамы белгілі болды

Жуырда Қазақстан бокс федерациясы тиісті тізімді жариялады. Оған ерлер және әйелдер құрамасынан 11 боксшы енді. 

Жекпе-жек

Махмұд пен Төрехан Сабырхан жанкүйерлерден қолдау сұрады

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан туған інісі Төреханмен бірге маңызды жарысқа дайындалып жатқанын көрсетті.

Жекпе-жек

Махмұд Сабырхан Фредди Роучпен кездесіп, үлкен арманын айтты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан аты аңызға айналған бапкер Фредди Роучпен кездесіп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. 

Жекпе-жек

Махмұд Сабырхан АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын бастады

Отандық бокстың көшбасшыларының бірі, екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан ұлттық құраманың АҚШ-та өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына қатысып жатқанын хабарлады.

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшылардың Әлем кубогы кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Жарыс Қытайдың Гуйян қаласында 15 маусым күні басталады. 

Жекпе-жек

ҚБФ боксшыларымыздың үздік бес нокаутын атады

Қазіргі таңда аталған боксшылардың басым бөлігі Қазақстан құрамасының сапында алдағы жарыстарға дайындық жүргізіп жатыр. 

Жекпе-жек

Махмұд Сабырхан бауыры Төреханмен бірге түскен суретін жариялады

Қазақстандық танымал боксшы Махмұд Сабырхан әлеуметтік желідегі парақшасында бауыры Төреханмен бірге түскен жаңа суретін көрсетті.

Жекпе-жек

Есеп 1:1. Махмұд Сабырхан Сәкен Бибосыновпен арадағы бәсеке жайлы айтты

Екі боксшы бұған дейін өзара екі рет кездесіп, бір реттен жеңіске жеткен. 

Жекпе-жек

Ұлттық құрама боксшылары шеберліктерін шыңдау үшін Өзбекстанға аттанды

Оқу-жаттығу жиынына Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Корея құрамалары да қатысып жатыр.

Жекпе-жек

Еуропалық 15 боксшы Қазақстан құрамасының бапкерінен тәжірибе жинауға келді (ВИДЕО)

Қазақстандық белгілі бапкер Ілияс Оралбеков Еуропадан келген боксшылармен дайындық жұмысын бастады.

Жекпе-жек

"Бокспен айналыса берген дұрыс": Махмұд Сабырхан Сметовтың әдісіне түсіп қалды (ВИДЕО)

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовпен татамиде күш сынасты. 

Жекпе-жек

Ағайынды Сабырхандар рингте қолғап түйістірді (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал боксшылар жаттығу залында өзара спарринг өткізді.

Жекпе-жек

Қазақстандық бапкер Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан арасындағы бәсекеге баға берді

Белгілі қазақстандық маман Дәулет Нұрланұлы ұлттық құрамадағы Сәкен Бибосыновтың болашағына қатысты пікір білдірді.

Жекпе-жек

Астанада Азия чемпиондарын қошеметпен қарсы алды (ВИДЕО)

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. 

Жекпе-жек

"Олимпиада чемпионы боламын!" Төрехан Сабырханның батыл уәдесі жұртты елең еткізді

Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында жеңіліс тапқаннан кейін ел алдында мәлімдеме жасап, алдағы ірі жарыстарда есесін қайтаратынын айтты.