Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер
Кеңес Нұрдаулет

Кеңес Нұрдаулет

Футбол шолушысы

Нұрдаулет Кеңес — penalty.kz сайтының футбол шолушысы, басылымда 2024 жылдан бері жазады. Оның негізгі бағыттары — жекпе-жек, футбол және спорт жаңалықтары: қазақстандық файтерлер мен боксшылардың кештері, ҚПЛ мен еуропа клубтарындағы отандастардың тағдыры, ұлттық құрамалар мен бапкерлік тағайындаулар. Дастан Сәтпаевтың Чемпионшиптегі дебюті, Бақтиер Зайнутдиновтың трансфері, Нұралы Әліптің ойындары, "Қайраттың" Конференциялар лигасындағы жолы, сондай-ақ Азия ойындары мен Олимпиадаға дайындық сюжеттері оның мыңнан астам материалынан орын алған. Теннис пен автоспорт та жиі назарында: US Open жеребесінен бастап әлем чемпионаттарындағы қазақстандық спортшылардың жетістіктеріне дейін жазады.

Жаңалықтар

Елдегі ең үлкен стадион 45 мың жанкүйерге лайықталады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы жаңа футбол стадионының бастапқы жобасына өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді. Жаңартылған арена «Қайрат» клубының басты үй алаңына айналады.

Футбол

Тағы бір қазақстандық клуб жекешелендіріледі

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың бас футбол жобасы – «Тұран» клубы алдағы уақытта жеке меншікке өтетінін мәлімдеді. Команда биылғы маусымда ҚПЛ-дан түсіп қалды. 

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы даулы Олимпиада чемпионымен жекпе-жекте қанға боялды

Санатәлі Төлтаев Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионатының ширек финалында Өзбекстанның даулы жұлдызы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевпен шаршы алаңға шығып, нағыз «қырғын» жекпе-жек өткізді. 

Жаңалықтар

50 жастағы өзбек аңызы Олимпиадаға баруды көздейді

Сегіз Олимпиадаға қатысқан рекордшы гимнаст Оксана Чусовитина мансабына әлі нүкте қойған жоқ.

Жаңалықтар

Қазақстанның ӘЧ финалы үшін өткен матчы ірі есеппен аяқталды

Соккадан Қазақстан құрамасы Канкунде (Мексика) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалына шыға алмады. 

Хоккей

Плей-офф алшақтап барады ма? «Барысқа» аутсайдерден жеңіліс қымбатқа түсуі мүмкін

Астаналық клуб ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойында Шығыс конференциясында соңғы орында тұрған новосибирскінің «Сібір» ұжымын қабылдады. 

Жекпе-жек

Қазақстанның үш дүркін чемпионы әлемді бағындыруға кірісті

Дубайдағы IBA әлем біріншілігінде Даниял Сәбит алғашқы жекпе-жегін толық үстемдікпен аяқтады.

Жекпе-жек

Қазақ әлем чемпионы армениялық боксшымен жұдырықтасады

Кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО) тағы бір маңызды жекпе-жекке дайындалып жатыр. 

Жекпе-жек

Өзбекстандық UFC файтері әйгілі видеойын образында шықты

Лас-Вегаста өтетін UFC 323 турнирінің алдындағы баспасөз мәслихаты күтпеген шоуға айналды. Өзбекстандық ММА жауынгері Богдан Гуськов журналистер мен жанкүйерлердің алдына Hitman (Агент 47) образында шықты.

Жаңалықтар

Үш жастағы бала әлемдік рекорд орнатты

Тарихи жетістікке жеткен сәтте Үндістан азаматының туғанына небәрі 3 жас, 7 ай және 20 күн болған.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлын алмастырған боксшы алғаш рет үн қатты

Венесуэлалық нокаутшы Хоан Гонсалес (36-4, 34 КО) орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін кубалық Эрисланди Лараға (31-3-3, 19 КО) қарсы өтетін жекпе-жек алдында алғаш рет пікір білдірді. Бұған дейін бұл белбеуге Жәнібек Әлімханұлы таласуы тиіс еді. Алайда қазақстандық боксшының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткеннен кейін айқас кейінге қалдырылды.

Футбол

«Қайраттың» экс-бапкері Беларусь құрамасынан кетті

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс испаниялық маман Карлос Алос Феррер Беларусь ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті.

Жекпе-жек

Таэквондодан ӘЧ-2025: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті (ВИДЕО)

Кения астанасы Найробидегі таэквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлде жеңіп алды. 

Футбол

«Астананың» үздік легионері еуропалық клубқа ауысады

Беларусь құрамасы және «Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг ел чемпионы атанған «МЛ Витебск» клубына ауысуы ықтимал. 

Жекпе-жек

Қазақстандық таэквондошы әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Бейбарыс Қаблан (WT) нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Кенияда өтіп жатыр.

Футбол

«Хартс» Қазақстан құрамасының ойыншысын ресми қабылдады

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков шотландиялық «Хартс» клубына өтуді аяқтауға жақын. Футболшы жаңа командасының қатарына келесі аптада қосылмақ.

Футбол

«Тобыл» сегіз ойыншы алуды көздеп отыр

Қостанайдың «Тобылы» алдағы маусым алдында кадрлық өзгерістерді ауқымды түрде жүргізуді жоспарлап жатыр. 

Жаңалықтар

Қазақстан шағын футболдан ӘЧ Франциямен тең түсті

Мексикада өтіп жатқан TUI Socca World Championships 2025 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Францияға қарсы өткізді.

Жекпе-жек

Бокстан ұлттық құрама ӘЧ-2025 өтетін Дубайға ұшып келді

Қазақстан ерлер құрамасы Дубайға (БАӘ) келіп жетті. Олар 2025 жылы өтетін IBA нұсқасындағы әлем чемпионатына қатысады. 

Жекпе-жек

Қазақстан қатысатын IBA әлем чемпионатында дау туды

IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионаты басталар алдында үлкен жанжал тіркелді. Бірқатар ел, соның ішінде Қырғызстан құрамасы Біріккен Араб Әмірліктеріне виза мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды.