"Манчестер Сити" жұлдыздары Хусановтың тойына "басып кірді" (ВИДЕО)
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановтың үйлену тойы соңғы күндері әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр.
Маресканың магиясы! "Челси" екінші таймда не істеді – сенбейтін шығарсыз! (ВИДЕО)
Лондонның "Челси" клубы УЕФА Конференция лигасының кубогын алғаш рет жеңіп алды. Тарихи финалда олар испаниялық "Реал Бетисті" 4:1 есебімен ойсырата жеңіп, Еуропадағы барлық мүмкін трофейлерді толық жинаған санаулы клубтардың қатарына кірді.
"Зейнеткерлерді ұруды доғар!" Фаниль Рафиков Дамир Ысмағұловты ашық айқасқа шақырды
Қазақстандық ММА спортшысы Фаниль Рафиков (20-6) бұрынғы UFC файтері Дамир Ысмағұловты (26-3) ашық жекпе-жекке шақырды. Оның мәлімдемесі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, отандық спорт әлемінде үлкен резонанс тудырды.
"Қазақ королі" титулдық айқас жайлы тосын жаңалық естіді
Жапонияның Йокогама қаласында IBF тұжырымы бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпиондығы үшін талас аяқталды. Ринг иесі Масанори Рикиши мен мексикалық Эдуардо Нуньес арасындағы айқас нағыз бокс кешіне айналды.
Хаби Алонсо Лука Модричтің орнын басатын футболшыны таңдады
"Реал Мадрид" клубтық әлем чемпионатына дайындық аясында трансферлік жұмысты белсенді түрде жүргізіп жатыр. Клуб президенті Флорентино Перес маусымның соңына дейін негізгі ойыншылар мәселесін шешіп, команданы турнирге толық дайын күйде шығаруды көздейді.
Қазақстандық клуб футбол аңызын отставкаға жіберді
Қазақ футболының аңызы саналатын Нұркен Мазбаев "Тараздың" бас бапкері қызметінен ресми түрде босатылды.
Қазақстандағы ең нашар стадиондар аталды
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев елдегі кейбір футбол стадиондары туралы пікірін білдірді.
Қазақ файтерінен нокаут алған бразилиялық ММА жұлдызы бірден мансабын аяқтады
Астанада өткен Alash Pride FC 108 турнирінде қазақ файтері Саламат Исбұлаев бразилиялық ММА ардагері Франсиско Де Лима Массиэлді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Алан Патрик құлады: Қазақстандық файтердің соққысы әлемді шулатты (ВИДЕО)
Астанадағы Alash Pride FC 108 турнирінде кештің басты жекпе-жегі Қазақстан мен Бразилияның үздік файтерлерінің арасында өрбіді. Қазақстандық жеңіл салмақтағы мықты спортшы Дамир Ысмағұлов (26-3) бұрынғы UFC жекпе-жекшісі Алан Патрикпен (15-4) қолғап түйістірді.
"Қазақтың жұдырығы ауыр екен": Олимпиада жүлдегері Дулат Бекбауовтан жеңілді (ВИДЕО)
Thailand Open-2025 турнирінің ең тартысты кездесулерінің бірі қазақстандық Дулат Бекбауов пен қырғызстандық Мунарбек Сейтбек уулу арасында өтті. Бұл 65 келі салмақ дәрежесінің ерте финалы іспеттес айқас болды.
Алматыдағы түнгі қудалау: Tesla жүргізушісі қаланы дүрліктірді (ВИДЕО)
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы түнгі көлік қудалауы түсірілген бейнежазба тарап жатыр. Басты кейіпкер – Tesla жүргізушісі. Ол жол қозғалысы ережесін елемей, мегаполис көшелерінде қауіпті жарыс ұйымдастырып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің өміріне қауіп төндірді.
Қазақстандық қақпашы әлемді мойындатты
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) қазақстандық қақпашының бұл әрекетін әлем чемпионатының үздік он сэйві қатарына қосты.
Қазақстан кубогы – 2025: Еркін күресте кім "алтын" иеленді?
Астанада күрестің үш түрі бойынша Қазақстан кубогында еркін күрес бәсекелері аяқталды. Турнир ұлттық құраманың әлем чемпионаты мен халықаралық жарыстарға іріктеу кезеңі саналады. Биылғы додадан бірқатар тәжірибелі балуан бас тартқанымен жас спортшылар өздерінің мықтылығын дәлелдеуге мүмкіндік алды.
Forbes тізіміндегі миллиардер "Астанаға" көмекке келді
Қазақстандық кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев "Астана" ФК директорлар кеңесіне кірді. Бизнесмен бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов Әзербайжаннан кетіп, ҚПЛ-ға оралмақ
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Әзербайжанның "Сабах" клубындағы мансабын аяқтап, туған еліне оралуды жөн көрді.
Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ҚФФ жаңа атқарушы комитетіне кірді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) жаңартылған атқарушы комитеті жарияланды. Оның құрамына ірі бизнес, мемлекеттік құрылымдар және спорт саласының өкілдері енді. Айрықша назар аудартқан есімдердің бірі – Kaspi.kz жетекшісі Михаил Ломтадзе.
Ел кубогының финалында футболшылар жарылыстан зардап шекті (ВИДЕО)
Сербия кубогының финалында қауіпсіздік мәселесі үлкен дауға айналды. "Црвена Звезда" мен "Воеводина" арасындағы кездесуде (3:0) трибунадан алаңға тасталған петарда ойын барысын бұзып, бірнеше ойыншы жарақат алды.
Бір тәулікте қос өзбек боксшысын нокаутқа жіберген қазақстандық даулы жеңіліске ұшырады
25 мамыр күні Қырғызстанның Ош қаласында кәсіби бокс кеші өтті.Басты жекпе-жектерінің бірі – қазақстандық Айдос Тастаев пен жергілікті боксшы Арген Кадырбек-уулу арасындағы кездесу болды.
Абдукодир Хусанов "Манчестер Ситимен" алғашқы жетістікке жетті
Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов Англия чемпионатының 2024/25 жылғы маусымында "Манчестер Сити" сапында қола медаль еншіледі. Бұл оның ағылшын футболындағы алғашқы ірі жетістігі.
Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында төрт алтын жеңіп алды (ФОТО)
Ташкенттегі Азия чемпионатында қазақстандық каратэшілер керемет нәтиже көрсетті.