Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан бокс федерациясы

Бұл бетте Қазақстан бокс федерациясына қатысты жаңалықтар жинақталған: Азия чемпионатындағы финалдар мен медаль иегерлері, Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының салыстырмасы, федерациядағы қызмет өзгерістері.
Ойыннан тыс

Кенеттен қызметінен кеткен Қайрат Сәтжановқа Land Cruiser сыйға берілді

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы экс-бас бапкері Қайрат Сәтжановқа федерация тарапынан қомақты сый-құрмет көрсетілді.

Жекпе-жек

Жанжалдан кейінгі күтпеген қадам: Федерация ұлттық құрамаға бокс аңыздарын не үшін шақырды?

Қазақстан бокс федерациясы (ҚБФ) Түркістан облысындағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына отандық бокстың белгілі ардагерлерін арнайы шақырды. 

Жекпе-жек

"Өсекке жол бермейік!" — Сәрсекбаев ұлттық құрамадағы дау-дамайға нүкте қойды

Олимпиада чемпионы, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құрама бас бапкерінің ауысуына байланысты тарап жатқан әңгімелерге пікір білдірді. 

Жекпе-жек

Олимпиада алдында қауіпті қадам ба? Өзбекстан Қазақстанның жаңа бас бапкерін қалай бағалады

Бокстан Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алишер Абдуллаев Қазақстан командасының бапкерлер штабындағы кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

Жекпе-жек

Қайрат Сәтжанов неге кетті? Ресми себебіне күмән келтірілді

Бұрынғы бас бапкер денсаулығына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеген болатын. Алайда оның қызы әкесінің денсаулығы жақсы екенін айтады. 

Жекпе-жек

Федерацияның “ауыр” таңдауы: Насановқа сенім артудың артында не тұр?

Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) бірінші вице-президенті Дархан Қызайбай ерлер ұлттық құрамасындағы кадрлық ауыс-түйіс туралы пікір білдірді. 

Жекпе-жек

Бақыт Сәрсекбаев жаңа қызметке тағайындалды

Атақшы спортшы енді Қазақстанның жастар құрамасын жаттықтырады. Ал бұған дейін осы қызметте еңбек еткен Мақсат Бақтыбазаровтың қайда жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. 

Жекпе-жек

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкері тағайындалды

Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кетті. 

Жекпе-жек

Қазақ боксшылары қатысатын басты турнирлердің толық тізімі жарияланды

2026 жылы ерлер және әйелдер бокс құрамалары үшін аса маңызды халықаралық турнирлердің күнтізбесі жарияланды. 

Жекпе-жек

Бокстан ұлттық құрама Азия чемпионатына дайындықты бастады

Ерлер құрамасы 2026 жылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркістанда бастап кетті. Жиын 25 қаңтарға дейін жалғасып, көктемде Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына дайындықтың алғашқы кезеңі болмақ.

Жекпе-жек

Спорт министрі Қазақстанның World Boxing пен IBA-дағы болашағын айтты

2025 жылы Қазақстан екі бірдей әлем чемпионатына қатысқан болатын.

Жекпе-жек

Абылайхан Жүсіпов Дубайдағы ӘЧ жайлы ағынан жарылды

Өз эмоциялары мен ішкі сезімдері туралы ойларымен де бөлісті. 

Ойыннан тыс

Шымкентте әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа ақбоз ат мінгізді

Сонымен қатар, 2 миллион теңге көлеміндегі сертификат табысталды.

Жекпе-жек

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азиадаға қандай құраммен барады?

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин 2026 жылға арналған дайындық жоспарын жариялады. 

Жекпе-жек

Бокс: 2025 жылдың үздіктері марапатталды

Биыл ерлер арасында Айбек Оралбай үздік деп танылды. 

Жекпе-жек

Шымкент құрамасы ҚБФ кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

Астанада Қазақстан бокс федерациясының кубогы мәреге жетті. 

Жекпе-жек

Бір ұпай «қоланың» тағдырын шешті: Қарағанды ҚБФ кубогында үздік үштікке кірді

Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) кубогында қола жүлденің иесін небәрі бір ұпай анықтады. Қарағанды облысының құрамасы 20 мың доллар сыйақы алады. 

Жекпе-жек

Жүлде алған қазақ боксшылары қаржылай сыйақысыз қалды

Қазақстан Дубайдағы IBA әлем чемпионатында үш алтын, бір күміс, және екі қола жүлде иеленді.

Жекпе-жек

"Төрт алтын аламыз": Серік Сәпиев ӘЧ финалдық бәсекесіне болжам жасады

Бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев отандық боксшыларды қолдау үшін арнайы Дубайға келді.

Жекпе-жек

Ақтық бәсеке: бокстан ӘЧ финалында ел намысын кім қорғайды?

Сенбі, 13 желтоқсан күні Қазақстан боксшылары Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтетін 2025 жылғы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектерін өткізеді.