Жекпе-жек
«Он алтын аламыз» деген өзбектерді тоқтататын тек Қазақстан ба? Ливерпульдегі айқастың құпиялары
4 –14 қыркүйек аралығында World Boxing ұйымы Ливерпульде тарихтағы алғашқы әлем чемпионатын өткізеді. Бұл додаға қатысатын басты екі фаворит алдын ала белгілі – Қазақстан мен Өзбекстан.
Қазақ боксшылары төрт "алтынмен" Өзбекстанды артта қалдырды
Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің орталығы Үрімшіде өткен беделді «Belt and Road» халықаралық турнирінде қазақстандық қыздар керемет нәтиже көрсетті.
Қырғызстан әлем чемпионы болған балуандарға пәтер сыйлайды
Қырғызстанда алдағы күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшыларға үлкен сый жасалмақ. Ел билігі чемпион болған балуандарға жаңа пәтер беруді жоспарлап отыр.
Өзбекстан бокстан ӘЧ-2025 қатысатын жұлдызды құрамын жариялады
Өзбекстан ұлттық құрамасы алдағы бокстан әлем чемпионатына қатысатын тізімді ресми түрде жариялады. Бұл чемпионат тарихта алғаш рет World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтеді. Дода 4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді.
Бақыт Сәрсекбаев: «Қазақстандық бокс құлдырауға тап болды»
Қазақстан U-22 құрамасының бас бапкері, 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Парижде өткен Олимпиада-2024 ойындарындағы қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнерін сынға алды.
Айбек Оралбай: «100% дайын емеспіз!»
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны, суперауыр салмақта (90 келіден жоғары) өнер көрсететін Айбек Оралбай командасының дайындық барысы туралы пікір білдірді. Ол бұл жолғы дода – ересектер арасындағы World Boxing ұйымы өткізетін алғашқы әлем чемпионаты екенін атап өтті.
Қазақстандық дзюдошылар 5 медальмен бестікке іліне алмады
Ал көршілес Өзбекстан құрамасы бес алтынмен топ жарды.
Иван Дычко кезекті айқасы алдында мәлімдеме жасады
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз Иван Дычко 13 қыркүйекте өтетін Канело – Кроуфорд супер жекпе-жегінің андеркарды аясында америкалық Джермейн Франклинге қарсы шығады.
«Қазір – менің шарықтау сәтім»: Джалоловтың «қорқынышы» батыл мәлімдеме жасады
Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы, Олимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері Иван Дычко АҚШ-та өтетін жылдың ең ірі бокс кешіне қатысады.
20 жастағы қазақстандық боксшының жойқын нокауты жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)
Қазақстандық жас боксшы Тимур Баситов (5-0, 4 KO) Таиланд астанасы Бангкокта өткен кәсіпқой бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті.
Әлем чемпионы болатын қазақстандық боксшы аталды
Сарапшылар оның әлеуетін жоғары бағалап, жақын жылдары әлемдік аренада топ жаратынына сенімді.
Бұрынғы әлем чемпионы қатыгез нокаутқа ұшырады (ВИДЕО)
Манчестер қаласында өткен Misfits Boxing 22 турнирінің басты жекпе-жегінде 32 жастағы бұрынғы UFC титулына үміткер Даррен Тилл жарқын жеңіске жетті.
Александр Усик даулы видеодан кейін сынға ұшырады (ВИДЕО)
Әлемдік бокс ұйымы (WBO) украиналық абсолютті чемпион Александр Усиктің видеосына байланысты ресми әрекет жасады. 38 жастағы спортшының жеке кешінде көңіл көтеріп, би билеп, тіпті футбол ойнаған сәттері желіде таралып, үлкен талқылауға себеп болды.
Тони Фергюсон қарсыласын нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
АҚШ-тың әйгілі ММА ардагері Тони Фергюсон ұзақ уақыттан кейін жеңіс дәмін татты. Ол Манчестерде өткен MF & DAZN X Series 22 турнирінде рингке шығып, бокс жекпе-жегінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
UFC турнирі Ақ үй алдында өтеді
UFC президенті Дана Уайт ресми түрде растағандай, ұйым тарихындағы ең ірі турнир АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай Вашингтондағы Ақ үй алдындағы жасыл алаңда өтеді.
"Рингті қатты сағындым": Бивол үнсіздікті бұзып, жанкүйерлеріне маңызды хабар жолдады
Жартылай ауыр салмақтағы біріккен әлем чемпионы Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) өзінің спорттық болашағына қатысты алғашқы мәлімдемесін жасады.
Жәмиля Бақбергенова: "Кейде ренжіп қаламын, бірақ жездем үнемі қолдайды"
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Жәмиля Бақбергенова өзінің бапкерлік жолындағы ерекше жағдайын айтты. Қазір ол бірнеше жылдан бері жеке жаттықтырушысы әрі жездесі Нұрсұлтан Теміровтің қоластында дайындалып жүр.
Миллиондар күткен айқас: Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена жекпе-жегі
16 қарашада Нью-Йоркте өтетін UFC 322 турнирінің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев жартылай орта салмақ чемпионы Джек Делла Маддаленаға қарсы шығады. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді.
UFC-ден шыққан файтер лас бокста нокаутпен чемпион атанды (ВИДЕО)
АҚШ-тың Майами қаласында өткен DBX 3 турнирінде бұрынғы UFC жұлдызы, Суринамнан шыққан ауыр салмақ өкілі Жаирзиньо Розенструйк қарсыласын жойқын соққымен құлатып, промоушеннің чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Костя Цзюдің ұлының даулы болжамы: Кроуфорд жеңеді!
Әйгілі боксшы Костя Цзюдің ұлы, қазіргі кәсіпқой бокс жұлдызы Тим Цзю алдағы қыркүйектің басты спорттық оқиғаларының бірі "Канело – Кроуфорд" жекпе-жегі туралы пікір білдірді.