Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Жекпе-жек

Жекпе-жек – MMA, UFC, бокс, дзюдо және күрес бойынша Қазақстан мен әлемдегі соңғы жаңалықтар. Турнирлер, чемпиондар, жекпе-жек нәтижелері мен сараптамалар біздің сайтта 
Жекпе-жек

UFC 322: Негізгі кард 15-секундтағы нокаутпен басталды (ВИДЕО)

Нью-Йорктегі UFC 322 турнирының негізгі карды сенсациялық оқиғамен ашылды. Жеңіл салмақта өнер көрсеткен француз файтері Бенуа Сен-Дени америкалық Бенеил Дариушті небәрі 15 секундта нокаутқа жіберді.

Жекпе-жек

UFC-дің болашақ жарқын жұлдызы жойқын нокаутпен жанкүйерлерді таңғалдырды

Нью-Йорктегі аты аңызға айналған «Madison Square Garden» аренасында өтіп жатқан UFC 322 турнирінің алдын ала кардында жойқын нокаут тіркелді. АҚШ файтері Бо Никал бразилиялық Родолфо Виейраны үшінші раундта керемет сол жақ хай-кикпен тоқтатты.

Жекпе-жек

Өзбекстанмен қос дуэль. Қазақстан боксшыларының әлем кубогындағы алғашқы қарсыластары анықталды

Үндістан астанасы Нью-Делиде өтетін World Boxing әлем кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Жарыстың ерлер және әйелдер құрамында бірқатар тартысты жұп тіркелді.

Жекпе-жек

Асу Алмабаев UFC Катар турнирінің негізгі кардынан тыс қалды

Қазақстандық ең жеңіл салмақтағы ММА жауынгері Асу Алмабаев 22 қарашада Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардынан орын алмады.

Жекпе-жек

Елдос Сметовтың Олимпиадаға баруы күмән тудырды

Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, қазақ дзюдосының айқын лидері Елдос Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысты жоспарын айтты. 

Жекпе-жек

Сенсация! Ангелина Лукас ТОП-30-ға кірмейтін боксшыдан жеңілді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен турнирде күтпеген жерден екінші рет жеңіліс тапты.

Жекпе-жек

Қазақстандық файтердің АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Қазақстандық ММА спортшысы Ермахан Орынтаев АҚШ-тың Legacy Fighting Alliance (LFA) промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін өткізді.

Жекпе-жек

Усик әлде Кроуфорд? Майк Тайсон әлемдегі үздік боксшыны атады

Әйгілі бокс аңызы Кроуфорд соңғы жекпе-жегінде 40 миллион жанкүйер жинағанын алға тартты.

Жекпе-жек

Қазақстандық боксшы АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтті

Қазақстандық боксшы Айдос Медет (13-0, 9 КО) 16 қараша күні таңертең АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді.

Жекпе-жек

UFC чемпионы Шавкат Рахмоновтың кіршіксіз жеңіс сериясын тоқтатпақшы

Бұл туралы Джек Делла Маддаленаның бапкері мәлімдеді.

Жекпе-жек

Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс бизнес емес, бұл спорт"

Қазақ боксшысы чемпиондардың неліктен кейбір жекпе-жектерден қашатынын түсінбейтін айтты.

Жекпе-жек

Ұлты қазақ төрт боксшы Қытай чемпионатында жүлдегер атанды

XV кезекті бүкілқытайлық спартакиадасының бокс жарыстары 14 қараша күні өз маресіне жетті.

Жекпе-жек

Қазақстан Исламиаданың 11-алтын медалін жеңіп алды

Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан VI Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық муай-тай шебері Тұрар Дүйсехан 60 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 

Жекпе-жек

Баходир Джалолов ешқашан жеңілмеген қарсыласын нокаутпен тоқтатты (ВИДЕО)

Екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов (17-0, 15 KO) Ташкенттегі бокс кешінде суперауыр салмақта бұрын жеңілмеген нигериялық Соломон Адебайоны (14-1, 13 KO) техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Жекпе-жек

Допинг дауына қарамастан өзбек боксшысы WBC белбеуін нокаутпен еншіледі

2024 жылғы Олимпиада чемпионы, өзбекстандық суперауыр салмақтағы боксшы Лазизбек Муллажонов (6-0, 6 KO) Ташкентте нигериялық Монясаху Муритадорды (6-3-2, 5 KO) техникалық нокаутпен жеңіп, вакантты WBC CISBB титулын иеленді. 

Жекпе-жек

Өзбек былғары қолғап шебері қарсыласын жойқын нокаутқа жіберді

Ташкенттегі бокс кешінде жеңіліс дәмін татпаған өзбекстандық боксшы Нурислом Исмоилов (8-0, 8 KO) кезекті рет өз шеберлігін дәлелдеді. Ол екінші орта салмақтағы вакантты WBC CISBB белбеуі үшін өткен жекпе-жекте танзаниялық Джозеф Майгвисьяны (15-6, 11 KO) төртінші раундта ауыр нокаутпен тоқтатты.

Жекпе-жек

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы үш жылға шеттетілді

Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Лазизбек Муллажонов допинг дауына байланысты үш жылға спорттан шеттетілді.

Жекпе-жек

Жеңілмеген боксшының жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Жас колумбиялық үміткер қарсыласын екі раундта тоқтатты. 

Жекпе-жек

29 нокауты бар: Али Ахмедовтың қарсыласы белгілі болды

Жекпе-жек жылдың соңында болады деп күтілуде.

Жекпе-жек

Шавкат Рахмонов UFC чемпионына үндеу жасады

Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов UFC жартылай орта салмағындағы чемпион Джек Делла Маддаленаның мәлімдемесіне жауап берді.